Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ақірім – сүр еттің сорпасы

Ақірім – сүр еттің сорпасы

Ақірім – өте жеңіл және тез арада дайындалатын сусын.

Асылған ет желініп болған соң артынан сорпа ішілетіні белгілі. “Ет етке, сорпа бетке” деп сорпаны бойға күш беретін құнарлы сұйық тағам ретінде ішсе, екінші жағы шөл қандырар сусын орнына да пайдаланған.
Әлбетте, сорпаның өзі түр-түрге бөлінеді. Соның бірі – сүр еттің сорпасынан жасалатын түрі Ақірім деп аталады.

Ақірімді бабаларымыз сүр етті жеген соң шөл қандыруға арналған керемет сусын деп қабылдайтын. Ақірім – өте жеңіл және тез арада дайындалатын сусын. Бүгінде ақірім, ақсорпа атауымен білгілі. Ақірімді дайындау қиын емес. Сүр еттің сорпасына айран, қатық немесе қымыз қосады. Ақірім ішу салты күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, тойымды еттен кейін айран қосылған сорпаны ұсынады. Ақірімнің бір айырмашылығы ол суытылған сорпаға езілген қатық немесе құртты салып, суық күйінде жұтқан. Ақірімнің сүр еттің сорпасынан ғана жасалуы сорпаның майлы болмайтынын меңзейді. Сондықтан суық күйде де қолданылатын сусын өзінің керемет дәмін жоғалтпайды. Керісінше, суытылған ақірім нағыз шөл басатын, қарын аштырмайтын ішімдік.

https://baribar.kz/
15 тамыз 2018 ж. 1 040 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (8790)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам