Ет сүрлеудің түрлі әдісі

• Тұздап сүрлеу
Соғымның сұрпы еті ғана емес, қазысы мен қартасы, жалы мен жаясы, омыртқасы мен төс еті де сүрленеді. Етті күн көзіне тигізбей, салқын жерде кептіріп алу керек.
• Қарын-сүрме
Қарын-сүрме тәсілі етті қарынға тығып сақтау арқылы жүзеге асады. Мұнда сиырдың немесе қойдың етін тұздап, қарынға салғанда өзіне сіңеді.
• Ыстап сүрлеу
Ыстап сүрлегенде отты бықсытады. Сосын еттерді шошала ішінде сарғыш түтінде ыстайды. Етті шошалаға іліп, түтінде ыстау қажет етіледі, бірақ, ыстаудың өзіндік мөлшері болғаны жөн.
• Малды үйітіп сақтау
Терісін сыпырмай, үйітіп алып сақтайды. Мұндай ет өте дәмді болады.
• Ұн ішінде сүрлеу
Қазы-қарта, жал-жая сынды бағалы еттерді осылай сақтаған. Ұнның ішіне ет тереңірек салынып қойылады.
• Қайнатып алып кептіру
Жас етке тұз сіңген соң оны қазанда бір қайнатып алып, кептіреді. Етті жұқалап қақтайды, кешкі салқында іліп қоя керек.
anabol.kz