Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр

Қызылордада жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр


Қызылордада алғаш рет «Қозғалыстың жас инспекторлары» республикалық слеті өтіп жатыр. Ашық біріншілікке жақын шетелден де командалар қатысуда. Айтулы шара жас инспекторлар қызметінің 45 жылдығымен қатар келді. 200-дей өреннің басын қосқан республикалық слетті өткізу мәртебесі биыл Қызылордаға бұйырды. Себебі өткен жылы сырбойылық өрендер ең үздік қозғалыстың жас инспекторлары атанған болатын. Нұрайым Уәлиханова, Қазақстан құрамасының мүшесі - Осы күнге дейін 18-ші слетке өзіміздің күшімізді салды. Осы күнді асыға күттік. Біз осы жарысты ұтуға ұмтыламыз және де жеңіспен ораламыз деген үміттеміз. Командалар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Кәнігі әскери талап жақын. Қатысушылардың киген киімінен бастап, жүріс-тұрысына дейін сүзгіден өтеді. Мінсіз болуды қалайтын олардың әрқайсысы жоғары дайындықпен келгендерін байқатты. Еліміздің барлық өңірлерімен қатар Ресей, Беларусь және Қырғызстанның командалары қатысуда. Олар 8 түрлі сыннан сүрінбей өтулері тиіс. Тағы бір ерекшелік – балалармен қатар полицейлер мен педагогтардың да біліктілігі сыналады. Олардың нәтижелері де жалпыкомандалық есепке алынады. Жас инспекторлар саптық қараудан бастап жол қозғалысын реттеу, медициналық көмек, жол белігілері мен ережелерден мүдірмеулері тиіс. Мұндай талап полицейлерге де қойылады. Ал ұстаздар қауымы айтулы тақырып аясында сабақтан тыс шаралар өткізу шеберлігімен ерекшеленеді. Сергей Францкевич, полиция қызметкері (Ресей Федерациясы): - Осы жарысқа шақыртуды біз қуана қабылдағанымыз рас. Балалардың өзара байлынысы мен достығынан бөлек, білімі мен білігі артады. Танымы кеңейеді. Бұл жол үстінде болатын оқыс оқиғалардың азаюына ықпалын тигізетіні сөзсіз. Ауқымды шараның орасан пайдасы осы емес пе? Жас инспекторлар слеті 29 тамызға дейін жалғасады. Шара аясында балаларға арналған жарыстардан бөлек, танымдық шаралар, байқаулар, кездесулер мен экскурсиялар ұйымдастырылмақ.
www.24.kz
24 тамыз 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031