Сәкен Майғазиев 5 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсады
Бұған дейін желіде Сәкен Майғазиевтің 5 млн теңге гонорар алып оны мұқтаж жандарға бергені жария болды. Әнші қомақты ақшаны кімнің гонорар ретінде бергенін айтты.
Әнші шындығында 5 млн теңгені қайырымдылыққы бергенін растады. Алайда бұл туралы көпке жария еткісі келмеген. Бұл туралы отандық журналистің бірі желіде жазды. Кейін әншінің өзінен кешірім сұраған.“Журналист қарындасымның бұл оқиғаны өз парақшасында бөлісіп, кейін жариялағаны үшін кешірім сұрағаны бар. Ол “Аға, жариялағаныма ренжімеңіз, одан сіздің сауабыңызды Алла қаласа кемітпес, іштегі ниетіңіз белгілі ғой. Мүмкін бұл әрекетіңізбен басқа адамдардың жақсы ісіне себепші боларсыз” деп айтты маған”, — деп Сәкен Майғазиев мұны жұртқа жария еткісі келмегені туралы жазды.
Майғазиевке еліміздегі беделді компанияның таныстырушысы болғандықтан 5 млн теңге гонорар берген.
Әнші өз туысқандарның да көмекке мұқтаж екенін, несие төлеп отырған жақындары бар екенін ашық айтты.
“Несиесі бар туыстарым да бар. Яғни ешкімнің төрт қабырғасы түгел емес. Аға-әпке, іні-қарындастарым да қиналып жүр. Десе де, біздің әулетімізден де нашар өмір сүріп жатқан қаншама отбасы бар. Сол адамдарға септігім тигенін қаладым”, — деді әнші.
Источник: Stan.kz