Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «I`m a singer Kazakhstan» жобасы күміс көмей, жез таңдай таланттарға іздеу салды

«I`m a singer Kazakhstan» жобасы күміс көмей, жез таңдай таланттарға іздеу салды

«I`m a singer Kazakhstan» халықаралық таланттар шоуының екінші маусымы басталды. Биылғы жылы байқаудың жеңімпазы 50 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Теңдесі жоқ жобаға қызығушылық танытып отырған елдердің қатарында әзірге Грузия, Түркия, Корея, Үндістан және Қытай елдері  бар.


Бұл жайында 31-арна ұйымдастырған баспасөз мәлихатында айтылды, деп хабарлайды жиынға қатысқан Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Таланттарын шыңдауға асығатын елдер қатары одан сайын артуы мүмкін екен. Жоба ұйымдастырушылары  алғашқы маусым елдің көңілінен шығып, рейтинг есебі еңбектерін ақтапты.
«Көрермендер көңілінен шықты. Өте биік дәрежелі, үлкен рейтинг жинадық. Сонымен қоса, бірінші “I’m a singer-ді” 6 мемлекетте 200 миллионнан астам көрермен көрді. Бұндай жоба Қазақстанда ешқашан бұрын болған емес», – деді “31 арнаның” Бас директоры Бағдат Қожахметов.

«I`m a singer Kazakhstan» шоуының екінші маусымы жаңа формат, жаңа қазылар алқасы, жаңа үлгідегі дауыс берумен ерекшеленбек. Ән байқауда 4 бірдей музыкалық сарапшы болады. Соның бірі белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев.
«Үлкен, қомақты қаржы жұмсалғалы тұр. Бірдей алдыңғы 3 орынға 50 миллион теңгенің көлемінде қаржы жұмсалмақшы. Яғни, бұл деген үлкен жақсы дүниеге үлкен нық қадам деп есептейміз. Сол орайда қалыс қалмаңыздар!» – деп ағынан жарылды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев.
Халықаралық ән байқауына 16 жастан асқан кез-келген адам қатыса алады. Тек ән айта алуы керек. Қатысушаылар “singer.31.kz” сайтына кіріп, сауалнама толтырулары қажет. Өтініштер 28 шілдеге дейін қабылданады. Айта кетейік, бас жеңімпаз Алматыда Республика сарайында жеке шығармашылық кешін өткізуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, ән жаздырып, бейнебаян түсіре алады. Тіпті, оны отандық радиостансалар мен музыкалық арналар бір жыл бойы  тегін эфирге шығарады екен.
Stan.kz сайты
28 мамыр 2018 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930