Сергек жүргіңіз келсе
Жұмыс барысымен жүрген кезде тіпті үйде баламен отырсаңызда шаршау мен қажу адамады шаршатып көңілсіз күйге түсіреді. Үнемі сергек жүргіңіз келсе психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:
- Таңертең оянған кезде қолыңызды жоғары көтеріп үш мәрте мен мықтымын деп айтыңыз.
- Күлімдеуге тырысыңыз.
- Күніне бір жақсылық жасаңыз, адам сонда ғана кемелдену сатысына көтеріле алады.
- Күніне жақсы ойлар ойлаңыз мысалы: өзіңізді аспандағы биік жұлдызға теңеңіз. Адам армандау арқылы көп жетістіктерге жетуге болады.
- Жаныңызды жадыратар әсем әуен тыңдаңыз.
- Ренжіткен адамыңыз болса кешірім сұрап көңілін аулаңыз. Тәкәппар болмаңыз.
- Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға да, әріптестеріңізге де, қуаныш сыйлайды. Бастысы сіздің денсаулығыңыз.
- Ашуланшақтық пен уайымшылыдық қатерлі ісік ауруларына алып баратындығы дәлелденген.
- Сіз күні бойы жақсы жүріп, айналаңызға қуаныш сыйласаңыз сіздің жүрек соғысыңызда қан айналым жүйеңіз де жақсарады.
- Адам баласы болғандықтан күнделікті өмірдегі қиындықтар адамды мазасыз күйге түсіріп, одан қалса денсаулықтарын құртады. Сіз уайымдап азап шеккеніңізбен ешқандайда сізге пайда келтірмейді қайта жан дүниеңізге ауыр тиіп, тұйықтала түсесіз.