Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеміс-жидекті жумай жеген қыздың миында паразиттер жиналып алған

Жеміс-жидекті жумай жеген қыздың миында паразиттер жиналып алған

Жуылмаған жемістерді жеген үндістандық қыздың миына жүздеген паразиттер шоғырланып  алды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Үндістанның Нью-Дели қаласында тұратын сегіз жасар қыздың аяқ асты басы ауырып, қояншық ұстамасы ұстайтын болды. Ата-анасы қыздарын дәрігерлерге көрсетіп еді, олар оның миында сарысулы ісіктің пайда болғанын және стероидтердің қаптап жүргенін анықтады.
Бірақ дәрігер ұсынған дәрі-дәрмектер баланың жағдайын мүлдем нашарлатып жіберді. Қыз қанша дәрі-дәрмек қолданса да оның ауруы керісінше асқынып, тіпті 20 келі салмақ қосып, жүріп-тұрудан қалды. Сондай-ақ, қыз еркін тыныс ала алмай, өзін нашар сезіне бастады.
Ынжырғалары түскен ата-анасы жарты жыл өткеннен кейін оны басқа дәрігерге апарды. Мидың суреті қыздың бас миының цистицерозынан зардап шегетінін, яғни оның басында шошқа таспа құртының дернәсілдері қаптап жүргенін көрсетті.
Дәрігерлер қыз бұл ауруды жуылмаған жеміс-жидек пен көкөністерден немесе шала пісірілген шошқа етінен жұқтырып алды деген ойда. Ағзадағы құрттар ішекке еніп, қанайналым жүйесі арқылы миға жеткен.
Осыдан кейін балаға ісінуді азайтатын және құрттарды жоюға арналған дәрі-дәрмектер берілді. Көп ұзамай ол еркін қозғалып, айтарлықтай салмақ тастап қайтадан мектепке барды.
Stan.kz




26 шілде 2018 ж. 1 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930