Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер теледидардағы адамның ракпен ауыратынын байқап, өмірін сақтап қалды

Дәрігер теледидардағы адамның ракпен ауыратынын байқап, өмірін сақтап қалды


Америкалық отоларинголог Эрих Фойгт телешоулардың біріне қатысушы қыз Николь МакГринесстің мойнында ісік бар екенін көру арқасында оны өлімнен құтқарып қалды. Бұл туралы ABS News жазады.
2017 жылдың қыркүйек айында МакГринесс Beachfront Bargain Hunt атты телехабардың бір эпизодына түскен. Шоуды теледидардан көріп отырған Фойгт қыздың мойнында бұлтиып тұрған нәрсе бар екеніне бірден назар аударады.
«Мен пациенттерді тексеруді үйренгем және студент-медиктерді осыған үйретумен айналысам. Осы себепті бірден назарыма ілікті. Проблема бар екенін білдім» дейді дәрігер. Оның айтуынша, ауруды бұлай тез әрі дәл анықтау кәсіби диагносттың ғана қолынан келеді.
Фойгт уақыт өткізбей қызды тексеру керек екенін түсінеді, бірақ оның аты-жөні немесе қайда екені туралы ештеңе білмейді. Сөйтіп, дәрігер Facebook-тің көмегіне жүгінген.
Доктор бағдарламаның үзіндісін жариялап, достарынан ондағы қызды табуға көмектесуді сұраған.
«Шоуды көріп отырып мен ана қыздың қалқанша безінде бөтен нәрсе бар екенін байқадым» деп жазады ол.
Біраз уақыттан кейін Фойгтқа МакГиннесспен байланысудың сәті түсті. Қыз біраз уақыт бұрын миындағы ісікті емдетіп шыққаны анықталады. Ал жаңа тексеру оның қалқанша без рагымен ауыратынын көрсетіп, МакГриннесс емделе бастады.
Кейінірек Фойгт пен МакГриннесс басқа телебағдарламада кездесіп, қыз өмірін құтқарып қалғаны үшін дәрігерге алғысын айтты.
Baq.kz
08 маусым 2018 ж. 987 0