Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауырға бекем болыңыз

Бауырға бекем болыңыз

Суық кездер басталғалы денсаулығын күтетін жандар иммунитетін берік қылуға бағытталған түрлі дауаларды қолға алды. Бірақ иммунитетті қалыптастыратын ақуыз, антидене мен интерферонды шығаратын мүше бауыр екенін білесіз бе? Демек қазір бауыр саулығына мұқият көңіл бөлуіміз керек. Бауыр – ағзамыздағы стратегиялық маңызы бар мүше. Оның жұмысындағы кемшіліктер жалпы ағзаның инфекцияларға төзімділігін кемітеді. Алайда бауыр аурулары бастапқы кезде еш белгілерсіз өтеді. Сондықтан бұл ауруларды дәрігерсіз анықтау қиын. Ал белгілері біліне бастаған кезде ауру асқынып, емделуі қиындай түседі. Бауырдың саулығын қамтамасыз ету үшін мынандай белгілер пайда болғанда дәрігерге барып тексерілген жөн. Біріншіден, шаршағандық, тез әлсіреп қалу, күні бойы ұйықтағыңыз келу, құсқыңыз келуі, тәбет жоқтығы, оң жақ дененің ауырлауы, терінің қышып қозуы, жиі суық тиіп ауру белгілеріне назар аударыңыз. Егер осы белгілер әдеттегіден артық байқалса, міндетті түрді дәрігерге көрініңіз. Екіншіден, үйде өз бетіңізбен емделмеңіз. Әрине тазалауыш шөп шайлары мен түрлі дәрумендерді қабылдауға болады, алайда бауырға арналған дәрілерді сізге толық тексерілуден өткеннен кейін дәрігер ғана айта алады. Ол үшін қан анализін тапсырып, УДИ (УЗИ) зерттеуінен өтіп, гастроэнтеролог маманымен кеңесу керек. Үшіншіден, бауыр саулығын сақтап қалу үшін, тамақтану мен өмір тәртібін ретке келтіріңіз. Рационыңызға рафинадталмаған сұйық май, пісте, күнжіт, жаңғақтар, соя өнімдері, теңіз балдырлары мен балықты қосыңыз. Сонымен қатар эссенциалды фосфолипидтер негізінде жасалынған табиғи препараттар көмегімен қажетті заттар тапшылығын толықтыруға болады. Сонымен қатар, бауыр саулығын сақтау үшін ішімдік, темекі сынды жаман әдеттерден бас тартыңыз, түрлі дәрілік препараттарды, жасанды тамақ өнімдерін қабылдауды шектеңіз.

Massaget.kz
19 шілде 2018 ж. 1 729 0