Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Келін» демеңіз...

«Келін» демеңіз...

Қазақтың сонау ғасырдан бері келе жатқан дәстүрі, салты айналып келген кезде тұнып тұрған тәрбие. Жіті түсінген адам үшін берері мол, пайдасы зор. Әрбір сөзінде, мақалы мен мәтелінде, даналықтарында мән бар. Мәселен «қызға қырық үйден тиым» деп бабалар айтқан тиымдар бар. Бұл тиымдар қыз баласын жүруден не еркіндіктен қалсын деген сөз емес, оған қаншалықты жауапкершілік артылып тұрғанын көрсету. Тек ХХІ ғасыр бұл қағидаларды жойып, орнына өзінің еркіндігін ала келді. Тиым түгілі қарапайым ақылды тыңдау мұң болды. Келін – өз жұртынан аттанып, келесі бір қайын жұртқа, сүйікті жарының шаңырағына түскен кезде берілегін ең үлкен атақ. Келін атану, оны абыроймен атқара алу өнер. Себебі келін болу деген сөзі қазіргі тілмен айтқан кезде әмбебап болу деген мағына. Бірақ қазіргі таңда бұл сөздің де құты қашты. Сүйіктісіне «әйелім», «жарым», «жаным», «еркім» деп айтып үйренген жігіттің бір күні болмасын, бір күні «келін боласың» деп айтуы қыздар үшін қорқыныш алып келеді. Әрине бәрінде емес, бірақ қыз баласының тұрмысқа шығуына және олардың ажырасып кетуіне бірден-бір себепкер де осы сөз. «Келін болып түсем, бөлек тұрамын!», «келін боламын, бірақ кіріңді жумаймын», «қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз, келін дегені несі»... Таң қалатыны жоқ бұл бар сөз және бола береді. Себебі қоғам соған алып келеді. Өзінің сүйіктісіне сенсе де оның ата-анасына сенбейтін болып барамыз.


«Келін» сөзі кезінде:
Тәрбиенің белгісі;
Сыйластықтың көрінісі;
Тектіліктің нышаны;
Жақсы ана атанудың, жақсы атаққа ие болудың белгісі болатын.


«Келін» сөзі қазір:
Таңнан тұрып дала сыпыру ма? Сиыр сауып, үй жинау...?! Ата-енемнің қас-қабағына қараймын ба? Дәл осы секілді түрлі сылтаулармен кете береді. Екі жақты салыстырып көріңіз. Анығын айтқан кезде «келін» сөзі бір жағы қуаныш бір жағы үрей болды. Ал ол бір жағы қуаныш, бір жағы абырой болу керек еді. Аталы сөзден асып кеткеннің аяғы аспаннан келген. Бәлкім ой салар...

Massaget.kz
18 шілде 2018 ж. 1 804 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930