Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Масадан қорғанудың бірнеше тәсілі

Масадан қорғанудың бірнеше тәсілі

Жаңбырлы маусымнан соң, ылғалдың артуы салдарынан жаз уақытында масалардың тез көбеюі табиғи жағдай. Маса әсіресе түнгі тәтті ұйқыңызды бөліп, адамның жүйкесіне тиетіні де бәрімізге белгілі. Үй жағдайында масалардан қорғанудың бірнеше тәсілін ұсынбақпыз. Бал: ара шырыны микорбқа қарсылығы мен жарақаттарды тез жазуымен де ерекшеленеді. Бір тамшысын маса шаққан жерге жағып, теріңізді ысқылаңыз. Түймедақ шайы: Бұл өсімдік жарақатқа қарсы және жараларды тез жазу қабілетіне ие екендігі ежелден белгілі. Түймедақ шайының пайдаланған пакеттегі қалдығын мұздатқышта суытып алып, кейін маса шаққан теріңізге 10 минут басып ұстап тұрсаңыз терінің қызарғаны қайтады. Насыбайгүл: бұл хош иісті өсімдік құрамында тері тітіркенудің алдын алатын эвгенол элементі бар. Ол үшін кептірілген насыбайгүлді қайнатып, суыған соң пайдалансаңыз өте тиімді. Мұз: Маса шаққанан кейін тері айналасындағы сұйықтықты мұз таратады. Бірақ, мұзды теріні бүлдірмеу үшін матаға орап пайдаланған абзал. Сірке қышқылының бірнеше тамшысын маса шаққан жерге тамызып ысқылаңыз. Ас содасын сумен араластырып терінің қызарған жеріне жақсаңыз тез басылады. Пияздың бір бөлігін масса шаққан жеріңізге басып тұрсаңыз, шағудан соңғы аллергияның алдын алады. Тіс пастасын да маса шағуға қарсы пайдалансаңыз болады. Оның құрамындағы ментол теріңіздегі бөртпенің алдын алады.



Massaget.kz
18 шілде 2018 ж. 1 054 0