Пернетақтадағы F және J батырмаларындағы кішкене сызық нені білдіреді?
Компьютер пернетақтасындағы F және J батырмаларындағы кішкене белдік сызықтарды байқаған кезіңіз болды ма немесе оның не үшін керек екендігі сізді қызықтырған ба? Пернетақтадағы бұл белдік сызықтар 2002 жылға дейін болмаған. Олардың пайда болуымен адамдар тез және оңай жаза бастаған. Егер сіз екі сұқ саусағыңызды F және J батырмаларына қойсаңыз, барлық пернетақта пернелерінің ыңғайлы екенін байқайсыз. Осымен пернетақтаға қарамай жазу оңайрақ болады.
Кейбір адамдар пернетақтаға қарап 1 минутта екі сөз жазады. Ол кезде мойын иіліп, керекті әр батырмаға қарау керек болады. F және J батырмаларындағы сызықтардан пайдалануды үйреніп әрбір саусаққа қай батырма тура келетінін біліп алсаңыз жазуыңыз өнімдірек болады. F және J батырмаларын осылай белгілеуді 2002 жылдың маусым айында Э.Ботич ұсынған. Содан бері бұл белдік сызықтар адамдардың игілігіне жарап тез жазуға көмектесіп келеді. Естеріңізге сала кетейік, егер қаншалықты тез жазатыныңызды білгіңіз келсе, бірнеше сайт бар. Ол сайттарда минутына 100-ден артық сөз жазатындарды кездестіресіз.
Massaget.kz