Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарбыздан уланып қалғанда не істеу керек?

Қарбыздан уланып қалғанда не істеу керек?


Жедел-жәрдем келгенше мына кеңестерді жүзеге асырыңыз.
Бірінші ем – асқазанды жуу керек.
* Ол үшін 0,5-1 литрдей марганцовка ерітіндісін ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 литр қайнаған жылы суға 2-3 түйір марганцовка араластырасыз. Аз-аздан ұрттап бәрін ішіп таусыту керек. Ерітіндіні ішіп болған соң құсқыңыз келеді. Оны тежеп қалмаңыз.
* 1 литр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық тұз араластырыңыз. Еріген соң ішесіз. Бұл ерітіндіні ішіп болған соң құсқыңыз келіп, жүрегіңіз айниды. Егер ондай мазасыздықты сезбесеңіз, сұқ саусағыңызды аузыңызға салып, құсуға тырысыңыз.
Екінші ем
* Мұнан соң ішке дәрі қабылдайсыз. Салмағыңызға қарай (10 келіге 1 дана) белсендірілген көмір немесе нұсқаулығына қарай "Полифепан", "Полисорб", "Энтеросгель", "Регидрон" немесе "Смекта" ұнтағын дайындап ішіңіз.
Үшінші ем
* Сұйық демделген көк шай немесе лимон қосылған тәтті шай ішіңіз. Бұл да өз кезегінде сусызданған асқазанды қалпына келтіреді. Сонда да жүрегіңіздің айнығаны басылмай, құсық мазаласа, онда салқын су ішіңіз. Су бүйректегі артық заттар мен уды шығарады әрі жұмысын белсенді түрде жүргізе алады.
Төртінші ем
Бөлмелерді желдетіп алып, орныңыздан тұрмай жату керек.
Ескеріңіз!
Қарбыздан уланып қалған жағдайда ешқашан ауруды басатын, дене қызуын түсіретін дәрілерді қабылдамаңыз. Дәрі ауруыңызды асқындырып жіберуі мүмкін.
Қарбыздан улану 4-6 сағаттан соң көрініс береді. Оның белгілері:

  • лоқсу;
  • құсу,
  • асқазан мен ішектің түйілуі;
  • іш өту;
  • бойыңызды әлсіздік биледі:
  • бұлшық еттер мен буын құрысады;
  • бас ауырып, дене қызуы көтеріледі.
Бала уланып қалған жағдайда

* 1 стақан жылы суға 4 шай қасық тұз араластырып, ішкізесіз.
* 5 жастан асқандарға көп мөлшерде су ішкізіңіз. Құстыруға тырысыңыз. Құса алмаса амал жоқ саусағыңыз арқылы құстырып аласыз.
Сосын «Регидрон» дайындап ішкізу керек. Бұл сусызданған асқазанды қалпына келтіріп, әлсіздіктен арылтады.
Қажет деп тапсаңыз, клизма жасатудың да зияны жоқ.
Қарбызды таңдау қиын емес
Мейлінше 8 келіден артық шығатын қарбыз сатып алмаңыз. Қанша үлкен болған сайын оның құрамында дәрі мен нитрат көп болады. Жұлынған жері құрғақ болса қарбыз таза піскен болып есептелінеді.
Өзіңізге және отбасы мүшелеріңізге ең қауіпсіз қарбызды тамыз бен қыркүйек айларында сатып алыңыз.
Ләззат Ахметова,
ERNUR.KZ
10 шілде 2018 ж. 1 684 0