Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сегіз жасар бала мектепті бір жарым жылда аяқтады

Сегіз жасар бала мектепті бір жарым жылда аяқтады


АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия тұрғыны Лоран Симонс сегіз жасында жоғары сыныпты бітіріп, университетке түсуге даярлануда, деп хабарлайды trend.az. Лоран мектептің алты жылдық курсын бір жарым жылда бітіріп, 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алды. Баланың ата-анасы оның IQ көрсеткіші 145-ке тең екендігіне сендіруде. Лоран RTBF-ке берген сұхбатында оның сүйікті пәні математика екендігін айтты. Себебі, математикада алгебра да, статистика да, геометрия да бар. Лоранның ата-анасының айтуынша, ол бос уақытында математикалық есептерді шығарғанды және медициналық кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Бұрын ол хирург немесе ғарышкер болғысы келген, ал қазір информатикаға бет бұруда. Жас вундеркинд жазғы демалыстардан кейін университетке түспекші. Әзірге ол ешқандай оқу орнын таңдамаған, алайда әлемнің барлық университеттерінен ұсыныс алуда.
inform.kz
04 шілде 2018 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930