Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай Қазақстанға үш миллион доллар тұратын “алтын көпірін” сыйламақ

Қытай Қазақстанға үш миллион доллар тұратын “алтын көпірін” сыйламақ


Қытай сәулетшісі Шун-ли Астанада “Алтын көпір” атты монумент салмақ. Монумент демеушілердің есебінен салынбақ. Оның құны 3 млн долларды құрап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.“Бүгінгі күні “Алтын көпірдің” идеясы – ол мыңжылдық көпір. Шын мәнінде ондай көпір бар. 1000 жыл бұрын салынған. 2017 жылы Бейжіңде “Бір белбеу – бір жол” форумы өтті. Сол форумның қатысушылары Жібек жолы елдерінің символы алтын көпір болады деген шешім қабылдады. Бүгінгі күні сәулетші бізбен де, әкімдікпен де бірлесіп жұмыс істейді. Бұл жоба алдағы аптада Астанада өтетін форумда таныстырылады. Макеті форум өтетін жерге орнатылады. Ал сәулет туындысы бір жыл ішінде Сулы-жасыл бульвардың жалғасы ретінде “Хан Шатыр” ОСО арғы жағына орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жер. Келесі жылы осы уақытта монументті көреміз деп үміттенеміз”, — деді G-Global халықаралық хатшылығы жетекшісінің орынбасары Мұрат Қарымсақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сәулеттік монументте Жібек жолы елдері саналатын 50 мемлекетті бейнеленеді. Көпір алтын түстес болмақ.
Stan.kz
27 маусым 2018 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930