Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз тиген баланы қалай емдейді?

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Ел ішінде «көзі жаманның көзінен, сөзі жаманның сөзінен сақта» деген тәмсіл болса, араб халқында «көз түйені қазанға, батырды қабірге түсіреді» деген мақал бар екен. Бұл көз өту, оның денсаулыққа кері әсері бар екенін растайтын дәлел.  Тіл-көз әсіресе жас балаларға тез тиеді. Ал көз тигенін қалай анықтап, қандай ем жасау керек?
 
Кез келген аурудың өткір, орташа, жеңіл болып бөлінетіні секілді, тіл-көздің де тіке­лей және жанай тиюі бар. Балаға тіл-көздің сұғы қатты өтіп кетсе, ол өте қауіпті жағдай. Көздің әлсіз немесе қатты тиюіне байланысты өз белгілері болады. Көздің сұғы өт­кір тиген баланың арқасына немесе бетіне қара дақтар пайда болады. Емшек ембей қалады. Омырау­дан шыққан бала болса, аузына тамақ апарсаң басын алып қашады. Бұл өткір тигендегі жағдай. 
 
Ал жанай немесе жеңіл тисе бала мазасызданып, тамаққа бұрын­ғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, сүлесоқ отыра береді. 
 
Дәрігерлер көз тиген балаға диагноз қоя алмайды. Себебі бұл медициналық жолмен емдейтін ауру емес. Шариғатта көз тиген баланы емдеудің үш түрлі жолы айтылады. 
 
Бірінші, егер балаңызға көзі тиген адамды шамалап білсеңіз, оған жағдайды түсін­діріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суының қалғанымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады. 
 
Екінші, көзі тиген адам белгісіз жағдайда «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Ая­тул күрсі» сүрелерінің бірін оқып, денесін толықтай сипалап шығасыз. 
 
Үшінші, «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүре­лердің біреуін таза суға оқып, үшкіріп, балаға ішкізесіз. 
 
Жақын жердегі мешітке баруға да болады. Имам жоғарыдағы сүрелерді және Пайғамбарымыздың (с. ғ.с) тіл-көз тию немесе өзге ауруларға Алладан шипа тілеп үнемі оқитын дұғаларын оқып берсе болғаны. Мысалы, «Би-сим-Лляхи, йубри-кя, ва мин кулли дағин йашфи-кя, ва мин шарри хасидин иза хасада, ва мин шарри кулли зи ғайн!». Қазақша мағынасы: «Қызғаншақтың қызғаныш кесірінен, көз сұғының пәлесінен болған әрбір әлсізді аурудан құтқар деп Алладан сұраймын». 
 
Балаларыңғыз тіл-көзден аман болсын!
 
Ә.СЕЙТМҰРАТОВА
26 маусым 2018 ж. 2 996 0