Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айнада біреу тіршілік ете ме?

Айнада біреу тіршілік ете ме?


Осыдан алты жыл бұрын мен оқуыма байланысты басқа қалаға көшуіме тура келді. Содан бері үйіме барған жоқ едім. Енді міне, дағдарыстың салдарынан және өзге де келеңсіз жәйттерге байланысты азғана уақытқа туған қалама оралуға тура келді. Үйіміз типтік үлгідегі бес қабатты, құрылыс жүргенге дейін бұрын батпақты жер болған орында орналасқан. Бұл арадан ешкім ешқандай тылсым құбылысты байқамаған еді. Екі бөлмелі пәтерімізде де айта қаларлықтай ештеңе болған емес. «Үй есін» байқағанымызбен, оның зиянын көрмедік, өзгелер сияқты күн кештік.

Мәселенің мәнісі мынада: мен қазір суретшімін, әдетте сурет салуым түн ортасына дейін жалғасатын. Бөлмедегі айна менің жұмыс үстеліме қапталдас қабырғада ілулі тұратын. Егер басымды сол жаққа қарай бұрсам болды, өзімді тұтастай көре алатынмын.

Осыдан бір ай бұрын маған айнадан жалтылдаған жарықтар көріне бастады. Мұны көліктердің немесе көршілердің терезесінен түскен жарық деп ойлап қалғанмын.­ Бірақ, олай болмай шықты. Жұмыс істеп отырып, көз қиығыммен айнадан маған қарай әдейілеп дәлдеп бағытталған­ әппақ сәулелерді көрдім. Құдды біреу айнада тұрып алып, қалта айнасымен өзіне назар аудартып, жарық түсіруге әрекет жасайтындай.

Мен тіпті не болып жатқанын анықтау үшін сынақ жасап та көрдім. Терезені қараңғылап жауып, компьютерден басқа барлық жарықты өшіріп тастадым. Себебі егер айнаға тура қарасаң, ештеңе сезілмейді. Ал мен одан кері бұрылған кезімде, «жалтылдату» бірден басталады. Қараңғыда бұл айдан анық білінеді. Егер күрт бұрылсам, онда бәрі ғайып болып кетеді. Айнаны тазарту жоралғы­ларын жасағандай болдым, бірақ бір ападан соң бәрі қайтадан басталады. Тіпті не айтарымды білмеймін. негізінде оның залалы жоқ, дыбыс та шығармайды, тек ара-тұра жұмыстан көңіліңді аудартып, жарқылдайтыны болмаса. «Өзіңе өзің қара», «Бетіңе күтім жаса» дегенді астарлап­ білдіргені шығар деп дегіңіз келер, бірақ мұны түнгі сағат үш-төртте айтпайтыны белгілі емес пе?

Дереккөз: el24kz
23 маусым 2018 ж. 1 083 0