МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР БОЛУ – АБЫРОЙЛЫ ІС
Мемлекеттік қызметкер болу – абыройлы іс. Елімізде қызметкерлерге мемлекеттік қызметкерлер атауының енгізіліп, атаулы күн, айтулы мерекеге айналып, ұлан-байтақ Отанымызда жылда тойланады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлер Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған жұмыстарды жасауда. Бұл қадамдар бүгінгі таңда айрықша қолға алынып, реформаланып, жаңа деңгейге көтерілді.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілер өз елінің, отанының шынайы патриоты, әділ әрі өз ісіне адал болуы қажет. Өйткені, олар мемлекеттік саясатты жүргізудегі ең басты және қозғаушы күш болып табылады. Өз ісіне берілген, білімі мен біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол, мінез-құлқы келіскен, отансүйгіш азаматтардың мемлекеттік қызметке келуі – өз кезегінде аталған салада серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, мемлекет пен ұлттың ұзақ мерзімді мүдделерін басшылыққа алады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметінің мансаптық моделіне көшудің құқықтық негізі айқындалды. Өте орынды. Себебі, мемлекеттік қызметке өтініш білдірген адам ең төменгі қызметке орналасады. Сонда жас маман түрлі сатылардан өтіп, өсуі, үйренуі, тәжірибе
жинауы керек. Мансапты, лауазымды төменнен бастаған ұтады. Кешегі Кеңес заманында жастарды октябрят, пионер, комсомол, партия қызметкері деп сатылай тәрбиелеу – кезінде өз жемісін бергенін білеміз. Қандай болғанда да жастар алға ұмтылып, елге адал қызмет еткендері жөн.
Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан соң халқымыз да, жастарымыз да дүр сілкінгендей болды. Ұлттық кодымыздың қалыптасып, санамыздың өсуі, жан-жақты білімдар болып тәрбиелену, тілдердің үштұғырлылығы мәдени жобасын жүзеге асырудағы бағыттарымыз бізді бақытқа жетелейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметінің мәртебесін көтеріп, беделін, дәрежесін алға тартады. Жалпы, лауазымын көтергісі келген әрбір қызметкер, жас маман біліктілігін арттырып, үнемі ізденіс үстінде жүргендері абзал. Мемлекеттік қызметшінің қызметінің жоғарылауы оңтайландырылған тәртіппен және қысқа мерзімде ішкі конкурс арқылы жүргізіледі. Іріктеуде білім, дағды және іскерлік ескеріледі. Еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық ұстанымы, сабырлық парасаты мен ар-ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, біз олардың адалдықтың ақ туын абыроймен ұстатып, еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек ететініне сенеміз.
Гүлназ Достиярова,
аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің
бас маманы.