Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасының Қытайға сапары аясында жасалған келісімдер агроөнеркәсіпті дамытады

Елбасының Қытайға сапары аясында жасалған келісімдер агроөнеркәсіпті дамытады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында жасалған келісімдер еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да септігін тигізеді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшановтың пікірінше, қазақстандық фермерлер шығыстағы көршіміздің алып нарығына шығуға ұмтылуы тиіс. Қытайда әсіресе өсімдік майларына деген сұраныс жоғары екен.   Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор: - Өсімдік майларының орны Қытайға ерекше. Қытай енді жыл сайын 49 миллион тонна алады сырттан. Қазір бізде Қостанайда, Ақмола облысында, Солтүстік Қазақстан облыстарында кәдімгі жақсы қарқын алып, осы майлы өсімдіктер қолға алынды. Соның ішінде Қытайдың инвестициясы келіп жатыр. Олар тек қана тұқымдарды алып кетпей, қазір өндіріп май шығарып, соны алып кетіп жатыр.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 627 0