200 БОС ОРЫН, ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев пен аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың қатысуымен жастарды көлік полициясы қызметіне тарту мәселесіне арналған маңызды кездесу өтті. Кездесуге ауылдық округ әкімдері, аудан мектептерінің директорлары, тиісті сала басшылары мен жауапты мамандар қатысты.Мақсат – жастарға жол ашу
Кездесудің негізгі мақсаты – 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды көлік полициясы органдарына қызметке шақыру, жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу және құқық қорғау саласындағы мансаптық мүмкіндіктерді түсіндіру.
Жиында Көліктегі полиция департаментінің өкілдері қызметке қабылдау талаптары, үміткерлерге қойылатын біліктілік шарттары, әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтік өсу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда, жоғары және арнаулы оқу орындарын тәмамдаған азаматтарды қызметке қабылдау, кәсіби даярлықтан өткізу, әскери және арнайы атақтар беру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ қызметке қабылданған азаматтарға заңнамада көзделген барлық әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғандығын атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Көліктегі полиция департаменті елордамыз Астана қаласында қызмет атқаруға 200-ге жуық маманды жұмысқа шақыруда. Бұл – жастар үшін тұрақты жұмысқа орналасуға, кәсіби тұрғыда дамуға және елімізде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне өз үлесін қосуға берілген үлкен мүмкіндік.
Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.
Құрмертті оқырман!
Қызметке орналасу тәртібі мен өзге де толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.
Қызметке орналасу тәртібі мен өзге де толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.
Байланыс телефоны: +7 700 213 31 20
М.ИБРАГИМОВ





