Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз Өмірғали: КешYou-ден кеткеніме өкінемін

Жұлдыз Өмірғали: КешYou-ден кеткеніме өкінемін


Жұрт назарынан жырақта жүрген Жұлдыз Өмірғалидың жан-дүниесін соңғы кездері сахнаға деген сағыныш кернейтін көрінеді. Өйткені, өнерді өмірім деп ұққан бикештің санасында, халықтың жадынан ұмытылып қалу қорқынышы бар. Stan.kzақпараттық агентігінің тілшісіне сұхбат берген «Кешью» тобының экс-әншісі өзін мазалаған үрейді еш бүкпесіз баяндап берді.«Қазіргі уақытта мен байқап жүрмін телеарналардан көп көрінбесең, егер сен клип түсірмесең, ән шығармасаң, жобаларға қатыспасаң ұмытылып кетеді екенсің. Мен сол бұрынғы қалпымда қалғым келеді. Өткен жылдың күзінен бастап байқадым. Сондықтан өзімді жігерлендіріп, жоқ мен әлі жұмыс істеймін, менің өмірім алда, мен жаспын, мен әлі көрсетемін деген сияқты сондай бір ойлар болады», – дейді Жұлдыз
Сұхбат барысында әншінің әттеген-айы да байқалды! Шығармашылығы үнсіздікке тап болған Жұлдыз ностальгияға жиі беріледі екен. Өйткені өнер иесі «Кешью» тобынан кеткеніне өкінетінін де жасырмады.
«Әрине өкініш те бар. Себебі мен топта жүрсем, мүмкін топта қазір бой көрсетсем бәрі мүлдем басқаша болар ма еді деп ойлаймын. Адам баласы болғаннан кейін әр түрлі ойлар келе береді, кете береді. Бірақ қазіргі жағдайыма да шүкір. Ақырындап болса да, шоу-бизнестен айырылып қалмайын деп жүрмін. Бәрібір әртістің өмірі ұнайды», – дейді Өмірғали.
Әдетте «Кешью» ұжымындағы жұмысын тоқтатқан қыздар, Баянмен қырғиқабақ болып қоштасатын еді. Бір қызығы, Жұлдыздың бұрынғы басшыларымен арадағы сыйластығына сызат түспепті.
«Продюсерлермен қарым-қатынасым өте жақсы. Ол кісілерді қатты құрметтеймін, қатты жақсы көремін. Ол кісілерге үлкен рахмет. Осы шоу-бизнеске алып келіп мені, елімізге танымал жұлдыз қылғандарына. Сол істеген еңбектеріне, көтерген дәрежелерін әрдайым ұстап қалғым келеді.», – дейді Баян Алагөзованың шәкірті.
Алагөзова шәкіртінің атағын аспандатып, жұлдызын жаққанымен, бүгінде Өмірғалидың өнерде тасы өрге домаламай тұр. Актрисалық қабілетін «Қазақ аруы» сериалында байқатқан бикеш, қазіргі таңда түрлі кастингтерде бағын сынап жүр екен. Бірақ сұлуға сәттілік серік болмай тұр.
«Кастингтерге барамын, өзімді көрсетемін. Бірақ ол жақтағы рөлдерге келмей жатырмын. Режиссерлар әзірге алмайды. Ондай жағдайлар үш-төрт рет болды. Мен біздің телеарналарда жүрген актрисаларға сәйкес келмеймін. Себебі менің бір ғана тәжірибем бар. Сериалда ойнадым. Ол түк те болмайды. Бірақ менің ойымша жұлдызым жанатын шақ әлі алда», – деп Жұлдыз сөзін түйіндеді.
Stan.kz
11 маусым 2018 ж. 2 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930