Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменнің мұғалімдері робот құрастыруды үйреніп жатыр

Өскеменнің мұғалімдері робот құрастыруды үйреніп жатыр



Өскеменде Мәскеуден келген халықаралық деңгейдегі бес тренер облыстың 272 информатика пәнінің мұғалімдеріне робототехника курсын өткізіп жатыр. LEGO Education Russia&CIS компаниясының жетекші менеджері Андрей Лопухин, Ресей Робототехника Ассоциациясының Президенті Максим Васильев және басқа да тренерлер өңіріміздегі мектеп ұстаздарына робототехника пәнінің білім негіздері мен жобаларды үлгілеу, робот құрастыру, бағдарламалау бағыттарын үйретуде. «Шығыс» өңірлік орталығының басшысы Мұңлық Асанованың айтуынша, алты күн бойы өтетін курсқа өңіріміздегі толық жиынтықты мектептердің мұғалімдері қатысып отыр.
Айта кетсек, былтыр облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен өткен «Менің мектебім» жобасы аясында «Парыз» қорына демеушілердің көмегімен қомақты қаражат жиналып, соның нәтижесінде қаладағы ғана емес, ауылдардағы мектептерде де робототехника кабинеттері ашылып, қажетті жиһаздармен, құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Алдағы қыркүйектен бастап оқушылар осы кабинеттердің игілігін көретін болады.
«Қамшы» сілтейді
10 маусым 2018 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031