Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС МАМАНДАР ЖИЫНЫ

ЖАС МАМАНДАР ЖИЫНЫ

12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай аудан әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастар саясатының жүгін арқалап жүрген белсенді мамандарға арналған мазмұнды басқосу өтті.
Танымдық басқосудың бастауы киелі өлкенің өткенін парақтаған Шиелі аудандық «Руханият» орталығынан басталды. Қасиетті мекеннің тарихынан сыр шертетін музей экспонаттарымен көз қанықтырған жастар, кітапхананың бай қорымен де етене танысты. Бабалар мұрасы мен рухани қазынаға толы бұл ортада қатысушылар ұлттық тамырымызбен қайта қауышып, ерекше эстетикалық әсерге бөленді.
Шараның түйіні ретінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел өңірдегі жастар саясатының өзекті мәселелері мен болашағын талқылаған диалог алаңына айналды. Жиын соңында туған жердің түрленуіне үлес қосып, елдік істердің бел ортасында жүрген ауыл мамандарының ерен еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды.
Марапатты аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ержан Әбдешов табыстап, жастармен жұмыс бағытындағы еңбектері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ қатысушыларға алдағы қызметтеріне толағай табыс тіледі. Осындай мазмұнды кездесулер жас­тармен жұмыс істейтін мамандардың тәжірибесін арттырып, жаңа бастамаларға жол ашады.

«Өскен өңір» ақпарат
10 тамыз 2026 ж. 28 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31