Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Динара Сұлтан: Сәбиің кішкентай болса да, тәулігіне 30-40 минут уақытты спортқа бөлуге болады

Динара Сұлтан: Сәбиің кішкентай болса да, тәулігіне 30-40 минут уақытты спортқа бөлуге болады


Жуырда бесінші перзентін дүниеге әкелген Динара Сұлтан бүгінде артық салмақпен күресуге көшкен. Әнші ол үшін күнделікті таза ауада спортпен айналысатын көрінеді. Алайда кішкентай сәбиі бар әрі көпбалалы ана үшін спортқа уақыт табу оңай емес. Дегенмен де Динара бұл мәселенің шешімін тапқан.Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Сәби ұйықтап жатқан кезде, таңғы сағат 6 болса да, жаттығуға шығу керек. 24 сағаттан 30 не 40 минутты спортқа бөлуге болады. Ұйықтап жатқан кезінде баланы әкесімен бірге қалдырып кетуге де болады”, – дейді Динара.
Айтпақшы Динара артық салмағы үшін ұялмайды. Себебі жақын күндері онымен қош айтыспақ ниетте.
“Жүктілік кезінде 15-17 келідей артық салмақ қосып алдым”, – дейді Динара.
Ең қызығы, фитнеспен айналысуға Динараны өзінің күйеуі үгіттеген. Алайда ол балаларының анасын артық салмағы үшін жазғырмаған.
“Күйеуім спортпен айналысуыма себепкер болды. Ол үшін күйеуіме алғыс айтамын. Жеке велосипедім жоқ болатын, ол маған сыйлыққа алып берді. Енді велосипед босқа тұрып қалмас үшін үнемі жаттығуым керек”, – дейді Динара.
Stan.kz
09 маусым 2018 ж. 1 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930