Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2026 жылы ең көп грант бөлінген мамандықтар белгілі болды

Қазақстанда 2026 жылы ең көп грант бөлінген мамандықтар белгілі болды

Қазақстанда 2026 жылы ең көп грант бөлінген мамандықтар белгілі болдыҚазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын бөлу аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім гранты бөлінді. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлерден 127 мыңға жуық өтініш түскен. 

Министрлік мәліметінше, гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық бағыттарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы өзге білім беру бағыттарына бөлінген.
Биыл талапкерлер арасында ең танымал мамандықтар қатарында:
  • аударма ісі;
  • халықаралық қатынастар;
  • құқық;
  • психология;
  • қаржы;
  • педагогикалық бағыттар болды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ең жоғары конкурс болашақ аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтар мен педагогтарды даярлайтын білім беру бағдарламаларына түскенін айтты.
Білім гранттарын тағайындау нәтижелері 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
06 тамыз 2026 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30