Аргентиналық оқушылар Димаш Құдайбергенді қонаққа шақырды
Аргентинаның Эсейса қаласындағы №13 мектеп оқушылары Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» атты бейнебаянын талдап, әншіні қонаққа шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.Бастама Қазақстанның мәдениеті мен тарихын таныстыруға арналған білім беру жобасы шеңберінде жүзеге асырылған. Жобаны мұғалім Паола Ромина Профета бір жыл бойы жүргізген. дәстүрлерімен танысып, екі елдің ерекшеліктеріне назар аударған.
Жоба аясында мектеп оқушылары Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен де танысты. Олар әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянын көріп, оның сюжетін талқылаған. Кейін оқушылар өнер иесіне хат жазып, оқиғаның өз нұсқаларындағы жалғасын ұсынып, оны Аргентинаға қонаққа шақырған.
Еске сала кетейік, жуырда Димаш Құдайбергеннің «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрді. Жаңа ән бұған дейін Жапония радиосының эфирінде шырқалды.





