Димаштың жаңа бейнебаяны әйгілі Таймс-скверде көрсетілді
Үлкен экранда эфирге шықпай тұрып жанкүйерлер жалға алынған арнайы залда бейнебаянның тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Айта кетейік, бұл бейнебаянының тұсаукесері 7 наурызда өткен. Димаш Love is over Yet туындысын Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері Уолтер Афанасьевпен бірлесіп жазған. Уолтер Афанасьев – америкаkық композитор, продюсер. 1958 жылы Бразилияда орыс эмигрантының отбасында дүниеге келген. Ол шығармашылық жолда Арета Франклин, Уитни Хьюстон, Барбара Стрейзанд, Лионель Ричи, Мэрайя Кэри және тағы басқа әйгілі әншілермен жұмыс істеді. Сонымен қатар Афанасьев Селин Дион орындайтын My Heart Will Go On әнінің продюсерлерінің бірі.