ТОСЫН АПАТҚА ТОСҚАУЫЛ – БАСТЫ МІНДЕТ
Шиелі ауданында азаматтық қорғау органының екі бөлімшесі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тәулік бойы қызмет атқарады. Бөлімнің штаттық саны – 58 қызметкер. Құтқарушылардың қарамағында жеті өрт сөндіру автокөлігі мен бір қызметтік автокөлік бар. Барлық өрт сөндіру техникасы арнайы құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылып, жауынгерлік есепке қойылған.Аудандағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы да өз тиімділігін көрсетуде. Бағдарлама аясында Тартоғай және Бәйгеқұм ауылдарында жеті қызметкер екі өрт сөндіру автокөлігімен қызмет атқаруда. Шалғай ауылдарға арнайы өрт сөндіру бөлімдерінің жетуі кейде уақыт алатыны белгілі. Сондықтан мұндай бағдарламалардың басты артықшылығы – алғашқы әрекеттің дер кезінде ұйымдастырылуы.
Төтенше жағдайлардың алдын алу тек өрт шыққаннан кейін әрекет ету емес. Керісінше, ең маңызды жұмыс – қауіптің туындауына жол бермеу. Осы бағытта Шиелі ауданы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері күн сайын аудан көлемінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізуде. Құзырлы мемлекеттік органдар мен еріктілер бірлесіп су айдындарында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Халыққа қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, жадынамалар таратылады. Сонымен қатар адамдар көп шоғырланатын орындарда дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы арнайы хабарламалар беріліп, тұрғындарға сақтық шаралары ескертіледі. Жергілікті «Шарайна-Сейхун» және «Өскен-өңір» газеттерінде өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған мақалалар тұрақты жарияланып келеді. Кенттегі LED экрандарда арнайы әлеуметтік бейнероликтер көрсетіледі. Мұның барлығы халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі.
СТАТИСТИКА НЕНІ КӨРСЕТЕДІ?
2026 жылдың бүгінгі күніне дейін Шиелі ауданының ақпаратты есепке алу кітабына 246 хабарлама тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 206 болған. Яғни бір жылдың ішінде хабарламалар саны 16,26 пайызға артқан. Бұл өсімнің бірнеше себебі болуы мүмкін. Бір жағынан, тұрғындардың төтенше жағдайлар қызметіне жедел хабарлау мәдениеті қалыптасып келеді. Екінші жағынан, қауіпсіздік талаптарының жиі бұзылуы оқиғалардың көбеюіне ықпал етуі ықтимал. Статистикаға сәйкес, өрт оқиғалары – 48 (2025 жылы – 47), өртке жатпайтын жану оқиғалары – 128 (2025 жылы – 89), басқа оқиғалар – 70 (2025 жылы – 70).

Өрттердің жалпы саны небәрі 2,08 пайызға артқанымен, өртке жатпайтын жану оқиғалары 30,46 пайызға көбейген. Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселесіне ерекше назар аударуды қажет етеді.
Өрттердің құрылымына талдау жасағанда қызықты үрдіс байқалады. 2026 жылы тұрғын үй секторында 28 өрт тіркелсе, өткен жылы олардың саны 34 болған. Осыдан тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі біршама артқанын көрсетуі мүмкін. Алайда басқа бағыттағы көрсеткіштер алаңдатарлық. Автокөліктерде 8 өрт тіркелген. Өткен жылы мұндай 7 оқиға болған. Нысандарда 3 өрт тіркеліп, өткен жылдың деңгейінде қалған. Ең үлкен өсім орман және дала өрттерінде байқалады. 2025 жылы 3 өрт тіркелсе, биыл олардың саны жетіге жеткен. Бұл көрсеткіш екі еседен астам өсім бар екенін аңғартады.
Жаз мезгіліндегі жоғары температура, құрғақшылық және адамдардың табиғат аясындағы жауапсыз әрекеттері осындай оқиғалардың жиілеуіне әсер етуі мүмкін. Табиғи өрттердің тағы бір қаупі – олардың қысқа уақыт ішінде үлкен аумаққа таралуында.
Өрт статистикасында бір адамның зардап шегуі, қаза болуы немесе көмірқышқыл газынан улану жағдайының тіркелуі көптеген сандық көрсеткіштің тасасында қалып қоюы мүмкін. Алайда кез келген статистиканың артында нақты адамның тағдыры мен отбасының қайғысы тұр.
Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің басты міндеті – тек өртті сөндіру емес, адам өмірін сақтап қалу.
СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Соңғы жылдары еліміз бойынша суға кету оқиғалары жаз мезгілінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Шиелі ауданында да бұл мәселе ерекше бақылауда. Соған қарамастан, 2025 жылғы суға шомылу маусымында екі адамның қайтыс болуы тіркелді. Бұл көрсеткіш қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың ауыр салдарын көрсетеді. Осыған байланысты биыл алдын алу шаралары бұрынғыдан да күшейтілген. Төтенше жағдайлар бөлімі, полиция және Қоғамдық даму бөлімінің қызметкерлері бірлесіп рейдтер өткізуде. Қауіпті аумақтарға 36 дана «Суға шомылуға тыйым салынады» тақтайшасы, 24 билборд орналастырылып, арнайы белгілер де салынған. Жеке бассейн иелеріне де қауіпсіздік талаптары жазылған нұсқаулықтар таратылыпты. Сонымен бірге прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тұрақты рейдтер ұйымдастырылып келеді.

Тыйым салынған орындарда суға түскен азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қолданылуда. Өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 92 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Жалпы салынған айыппұл көлемі 333 025 мың теңгені құрады.
Қазіргі қоғамда қауіпсіздік мәселесін тек төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы ретінде қарастыру жеткіліксіз. Құтқарушылардың кәсіби дайындығы, жаңа техникалар, мемлекеттік бағдарламалар және профилактикалық жұмыстар қаншалықты жоғары деңгейде жүргізілсе де, егер азаматтардың қауіпсіздік мәдениеті қалыптаспаса, қайғылы оқиғаларды толық жою мүмкін емес. Статистика осыны дәлелдеп отыр.
ТҮЙІН
Шиелі ауданында азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық әлеуеті нығайып келеді. Құтқарушылардың кәсіби дайындығы, өрт сөндіру техникаларының жарақтандырылуы, «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстар және құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық шаралар – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдар.
Дегенмен, ресми статистика қауіпсіздік мәселесінің өзектілігі әлі де жоғары екенін көрсетеді. Әрбір өрт, әрбір судағы қайғылы оқиға, әрбір әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін одан әрі жетілдіру қажеттігін аңғартады. Қауіпсіздік – құтқарушының ғана емес, әрбір азаматтың саналы әрекетінен басталады. Өйткені алдын алынған бір ғана төтенше жағдай ондаған адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Ал адам өмірінен асқан құндылық жоқ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА