Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ­ЖАСТАР ЖАСАҒЫ, ЕҢБЕКПЕН ҚАДАМ БАСАДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ­ЖАСТАР ЖАСАҒЫ, ЕҢБЕКПЕН ҚАДАМ БАСАДЫ

Ауданда жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Соның жарқын көрінісі – «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбіліктер барысында көшелер мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жол жиектері ретке келтірілуде, сондай-ақ абаттандыру жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Бұл шаралардың басты мақсаты – елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлық сезімін арттыру.
Осы экологиялық қозғалыстың бел ортасында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары да жүр. Жастар саябақтар мен көшелерді, қоғамдық орындарды қоқыстан арылтып, абаттандыру ісіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Биыл аудан бойынша «Жасыл ел» жобасы аясында 110 жұмыс орнына квота бөлінген. Бірінші кезеңде 17, екінші кезеңде 29 жас маусымдық жұмысқа тартылған. Ал қазіргі таңда үшінші кезең бойынша 67 сарбаз еңбек етіп, ауданның абаттандыру және көгалдандыру, сондай ақ жасыл желекті күтіп-баптау, аумақтарды санитарлық тазарту жұмыстарына белсенді атсалысуда.
«Жасыл ел» атауы еліміздегі әрбір жасқа жақсы таныс. Жоба сонау 2005 жылдан бастап тұрақты жүзеге асырылып келеді. Кешенді бағдарлама біраз жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, республиканың түкпір-түкпірін жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Оның үстіне, жазғы демалыстарында бос сенделмей, еңбек етіп, қосымша қаржы табуына жол ашты. Ұлттық бастама жас отандастарымыздың ортақ идеялар төңірегінде топтасуына сеп болды.

ТҰРҒЫНДАР ДӘН РИЗА
Кент тұрғыны Күләш жалынды жастардың ісіне разы екенін айтады.
– Біздің кезімізде де дене еңбегі, жастарды еңбек тәрбиесіне баулу деген ұғым мектепте де, жоғары оқу орнында да болатын. Ол кезде еңбекке жарамды оқушылар белгілі бір уақытқа босатылып, жиын-терімге үлгере алмай жатқан ұжымшарға көмектесетін. Оларға да еңбекақы жазылатын. Жоғары оқу орнының студенттері баспана салу, кірпіш құю секілді жұмыстарды атқаратын. Одан ешкім жаман болған жоқ. Қайта еңбек тәрбиесінің адамға берері мол. Өйткені «Адамды адам еткен – еңбек» деген нақыл сөз бар халық аузында. Баланы жастайынан еңбек дағдысына үйрету – үлкен тәрбиенің бастауы. Сонымен қатар бұл жастарды отансүйгіштікке, елдің, жердің қадірін білуге, патриот болуға үндейді. Мысалы, патриот болғысы келген адам атқа мініп, аттан салмай-ақ еліне, жеріне қоғамдық жұмысқа белсене араласу арқылы да үлес қосса болады. Қазіргі жастардың тәрбиесі, қоғамдағы мәдениеті әлеуметтік желілерде көптеп айтылып жатады ғой. Оны көрген кейінгі буынның бойында адал еңбекке, қосалқы жұмысқа деген дұрыс көзқарас қалыптасады. Мәселен, ауданда жастар саябақ, орталық секілді ел көп жүретін қоғамдық орындарды тазалап жатқанының талай куәсі болдық. Біздің ауданның көркеюіне үлес қосып жүрген «Жасыл ел» еңбек жасағына жастарына үлкен алығсымды білдіремін, – дейді ол.
Осы іске жастарды бір кісідей жұмылдырып жүрген аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ержан Әбдешовтың сөзінше «Жасыл ел» еңбек жасаға тек жұмыс ортасы ғана емес, достық пен көңілді алаңға айналған.
– Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Мұндағы басты мақсат – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру. Аталған республикалық деңгейдегі экологиялық акцияға «Жасыл ел» жасағы да сүбелі үлесін қосып келеді. Бұл жобаның аясын кеңейтіп, оны әртүрлі әлеуметтік мәртебедегі жастар үшін қолжетімді және қызықты етті, – дейді ол.
Иә расыменде «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамындағы жастар өздері тұрған ауданның гүлденуіне, абаты мен тазалығына өлшеусіз үлес қосып жатыр. Олар шындап келгенде экологиялық ахуалдың жақсаруына, қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтауға атсалысып отыр. Бұл бағыттағы жастардың белсенділігін олардың туған жерінің табиғатына, Отанына жанашырлықпен қарауынан туындаған ықпал деп білеміз.

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
04 тамыз 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31