Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Атлант мұхитынан келген циклон ел аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды. Осыған байланысты бірқатар метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.Өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа райы айтарлықтай жауын-шашынсыз болады деп болжанған.
Алайда Иран аймақтарынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты елдің басым бөлігінде қайтадан ыстық ауа райы қалыптасады.
Күндіз ауа температурасы:
- батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +38…+43°C;
- солтүстікте +30…+35°C;
- орталықта +28…+39°C;
- оңтүстікте +36…+41°C;
- оңтүстік-шығыста +29…+37°C;
- солтүстік-шығыс пен шығыста +23…+32°C аралығында болады.
Еске салайық, кеше Астанада нөсер жаңбырға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті.






