Еліміздің батысында 44 градусқа дейін аптап ыстық болады
23-25 шілде аралығында батыс өңіріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары ығысып келеді. Соның нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, күн күрт ысиды, деп хабарлайды Egemen.kz.Күндізгі уақытта ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтерілсе, жекелеген аудандарда аптап ыстық 40-44 градусқа жетеді.
Ал өзге өңірлердегі ауа райына солтүстік-батыстан жылжитын циклон әсер етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.Суық ауа массаларын ала келетін циклонның ықпалынан көптеген аймақта күн салқындап, ауа температурасы төмендейді. Еске сала кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.







