Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық қашан басылады?

Аптап ыстық қашан басылады?

Шілде айы ыстық болады. Айдың ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде 40-қа дейін баруы мүмкін. Шілденің бірінші онкүндігінде Ираннан келетін жылы ауа массалары еліміздің көп аймағында сақталады. Ал 5-7 шілдеде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік және орталық Қазақстанда өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі күтіледі. Жұлдыз Исабекова, Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы: – Екінші ыстық толқын Қазақстан басым бөлігінде шілденің ортасында болады деп болжап отырмыз. Бұл күндері ауа температурасы еліміздің солтүстігінде 30-38 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстік өңірлерде 35-40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

​https://24.kz​​​
01 шілде 2021 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930