Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет ескертеді: қаңтар айы суық болады

Қазгидромет ескертеді: қаңтар айы суық болады

 «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айында орташа ауа температурасы –15-18 градус болады. Облыстың батыс бөлігі үшін мұндай температура қалыпты жағдай болса, шығыс бөлігі үшін бұл градус төмен. Қаңтар айының бірінші онкүндігі салыстырмалы түрде жылы болады. Ауа температурасы түнде –13-18 және –8-13 градус, күндіз –7-12 және –2-7 градус аралығында болады. Айдың ортаңғы онкүндігінде ауа температурасы түнде –18-23 градусқа дейін, күндіз –12-17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Одан кейін түнде ауа температурасы –8-13 дейін жоғарыласа, кей жерде –18 градус, күндіз –2-7 дейін, кей жерде –12 градусқа дейін аяз болады. Айдың соңғы онкүндігінде ауа температурасы түнде қайтадан –15-20 градусқа дейін төмендейді, кей жерде –25 градусқа дейін аяз болады, ал күндіз –9-14 градусқа дейін суық болады. Айдың екінші онкүндігінің басында ауа температурасы түнде –15-20 градустан –10-15 градусқа дейін, күндіз –9-14 градустан –4-9 градусқа дейін көтеріледі. Одан кейін термометр бағаны –24-29 градусқа дейін төмендеп, кей жерде –34 градусқа дейін барады, ал күндіз –18-23 градусқа дейін төмендейді. Айдың соңғы онкүндігінде күн жылынады деп күтіледі: түнде –16-21 градус болса, күндіз –10-15 аяз болады. Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың батыс бөлігінде қалыптан аз болса, шығыс бөлігінде қалыпты болуы мүмкін. Синоптиктер айдың ортасында секундына 15-20 метр жылдамдықпен қар жауып, жел соғады деп болжап отыр. Қаңтар айының басында тұман түседі.
Дереккөзі: https://turkystan.kz/article/134552-134552/?utm_source=redtram&utm_medium=referral&utm_campaign=news&utm_content=598471122&utm_term=386174&rt_campaign=386187&rt_click_id=2100914
01 қаңтар 2021 ж. 483 0