Берекелі дала, нәтижелі еңбек
Ежелден еңбекпен тыныстаған аудан тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өмір салтына айналған. Сондықтан аудан экономикасының тұрақты дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы және азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі ең алдымен ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынымен өлшенеді.Биылғы алты айыдың қорытындысы аудан үшін табысты кезең болғанын аңғартады. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы, жаңа технологиялардың өндіріске енгізілуі, су ресурстарын үнемдеу бағытындағы тың жобалар, техника паркін жаңарту, инвестиция көлемінің артуы және шаруаларды жан-жақты қолдау жұмыстары аграрлық сектордың тұрақты дамуына серпін берді.
Басты ерекшелік – өндіріс көлемін арттырумен қатар, сапа мен тиімділікке басымдық берілуінде. Әсіресе су тапшылығы жағдайында суды үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, жерді тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру бағытындағы жұмыстар өңірдегі аграрлық саясаттың жаңа кезеңге өткенін айқын көрсетіп отыр.
Егін орағы – еңбектің жемісі
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 7600 гектар жоңышқаның 7430 гектарында бірінші орым аяқталды. Нәтижесінде 20 мың 804 тонна шөп дайындалып, орташа өнім гектарына 28 центнерді құрады. Екінші орым да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 1763 гектар жоңышқа орылып, 5289 тонна шөп жиналды. Екінші орымның орташа өнімділігі гектарына 30 центнерге жетті. Бір пресс шөп шамамен 500 теңгеге бағаланып отыр.

Сонымен бірге күздік бидай жинау жұмыстары да қарқын алған. Жалпы көлемі 1661 гектар бидайдың бүгінгі күнге дейін 1023 гектары орылып, қамбаға 1228 тонна астық құйылды. Бұл жалпы жоспардың 61,1 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта шаруалар бидайдың бір килограмын орта есеппен 120 теңгеден өткізуде.
Агрокәсіп – аудан экономикасының драйвері
Биыл аудан бойынша жалпы 32 мың 515 гектар жерге егін егілді. Оның 11 мың 600 гектарын күріш алқабы құрайды. Сонымен қатар 1661 гектарға күздік бидай, 300,3 гектарға жаздық бидай орналастырылды. Дәндік жүгері көлемі де айтарлықтай ұлғайып, биыл 2145 гектар алқапқа егілді. Соңғы жылдары жүгері өндірісіне қызығушылықтың артуы мал азығы қорын нығайтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік жасап отыр.

Диқандар 205 гектар жерге тары, 15 гектарға арпа орналастырса, майлы дақылдардың көлемі де жылдан-жылға көбейіп келеді. Атап айтқанда, 900 гектарға мақсары, 240 гектарға соя және 10 гектарға күнбағыс егілді.
Мал азығы мен көкөніс өндірісіне ерекше назар аударылды
Мал шаруашылығын дамыту үшін сапалы жем-шөп қорының болуы маңызды. Осы мақсатта биыл 3288 гектар жерге жаңа жоңышқа егілсе, 6881 гектар ескі жоңышқа алқабы сақталды. Сонымен бірге 153,5 гектарға мал азықтық асқабақ және 69,4 гектарға жемдік жүгері егілді.

Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс және бақша дақылдарының көлемі де ұлғайтылды. Биыл аудан бойынша 281 гектарға картоп, 2250 гектарға көкөніс және 2516,4 гектарға бақша дақылдары орналастырылды.
Бұл көрсеткіштер ауданның ішкі нарығын жергілікті өніммен қамтамасыз етумен қатар, өңіраралық сауданы дамытуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар көкөніс пен бақша өнімдерін өндіру ауыл тұрғындарының табысын арттырып, маусымдық жұмыспен қамтуды көбейтуде.
Бастысы – тиімділік пен тұрақтылық
Ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және нарық талабына бейімделген өндіріс қалыптастыру тұрғысынан алғанда өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар агроөнеркәсіп кешенінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Егіс құрылымын оңтайландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, жоғары өнімді сорттарды пайдалану және ғылыми негізделген агротехникалық шараларды жүзеге асыру арқылы аудан диқандары өнім көлемімен қатар, оның сапасын да арттыруға күш салуда.

Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы әлемдік ауыл шаруашылығының басты мәселесіне айналған бүгінгі кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе суармалы егіншілік басым аудан үшін әрбір тамшы судың маңызы ерекше. Сондықтан соңғы жылдары дәстүрлі суару тәсілдерінен заманауи, үнемді технологияларға кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жедел қарқын алды.
Бүгінде аудан көлемінде тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын енгізу бойынша ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі – «Таң LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәжірибесі. Серіктестік биыл 1000 гектар алқаптағы жүгеріні толықтай тамшылатып суару әдісімен өсіруде. Ал «Центр Семеноводства» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тағы 1000 гектар жерге дәндік жүгеріні жаңбырлатып суару технологиясымен орналастырды.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен және жеке тұрғындардың бастамасымен 1665 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылып, бау-бақша дақылдары егілді. Сала мамандарының пікірінше, мұндай технологиялар алдағы жылдары ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Лазерлік тегістеу – жоғары өнімге жеткізеді
Суармалы егіншіліктегі ең тиімді жаңашылдықтардың бірі – лазерлік тегістеу технологиясы. Биыл ауданда 10 мың гектар егістік жер лазерлік тегістеуден өткізілді. Бұл өткен жылғы 7800 гектарлық көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Лазерлік тегістеу жер бедерін дәлме-дәл тегістеп, судың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде су шығыны азайып, тыңайтқыш тиімділігі артады, ал ең бастысы – өнім көлемі көбейеді. Аудан шаруалары бұл технологияның тиімділігін іс жүзінде байқап отыр. Сондықтан алдағы жылдары лазерлік тегістелетін алқап көлемін одан әрі ұлғайту жоспарланған.
Минералдық тыңайтқыштан мәселе жоқ
Мол өнім алу үшін сапалы тұқыммен қатар минералдық тыңайтқыштардың да маңызы зор. Үстіміздегі жылы аудан бойынша егілетін егістікке 15 мың 300 тонна минералдық тыңайтқыш қажет деп жоспарланған. Жауапты сала мамандары қазіргі таңда қажетті көлем толық қамтамасыз етіліп, барлық шаруашылықтар тыңайтқышпен толық қамтылғанын айтады. Сонымен қатар шаруашылықтардың сұранысына сәйкес 13 мың 547 литр гербицид қажет екені анықталды.

Алты айда алты техника
Бүгінде аудан шаруашылықтары әлемге танымал «MacDon», «John Deere», «CLAAS» маркалы астық жинау комбайндарын, сондай-ақ «AXION» және «ZOOMLION» маркалы жоғары өнімді тракторларды пайдалануда. Заманауи техникалардың сатып алынуы нәтижесінде соңғы төрт жылдың ішінде ауданның техника паркі 68,5 пайызға жаңарған.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына жалпы саны 703 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде 352 трактор, 78 соқа, 46 тұқым сепкіш, 52 жүк автокөлігі, 175 трактор тіркемесі жұмыс істеді.
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту жұмыстары да оң нәтиже беруде. Жыл басынан бері ауданға алты жаңа трактор жеткізіліп, жалпы көлемі 95 миллион теңге инвестиция тартылды. Инвестиция көлемінің артуы ауданның аграрлық секторына деген сенімнің жоғары екенін аңғартады.
Су нысандарын жаңғырту – егіншіліктің маңызды бөлігі
Суармалы егіншіліктің тұрақты дамуы су арналарының техникалық жағдайына тікелей байланысты. Сол себепті аудан көлемінде су арналарына күрделі тазалау жұмыстары жүргізілуде. Биыл Р-12 арнасының 72-бекеттен 115-бекетке дейінгі 4,3 шақырым бөлігі механикалық әдіспен толық тазартылды. Қазіргі таңда осы арнаның 36-бекеттен 72-бекетке дейінгі бөлігінде жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар Р-12, Жаңа Бестам, Р-10, 0-1, Қамыстықақ, Р-7 және Жаңа Сұлутөбе арналарының механикалық тазалау мен қайта қазу жұмыстарына ұсыныс берілген. Бұл жұмыстар арқылы су жеткізу сапасын жақсартып, алдағы жылдары егіс алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, су ресурстарын тиімді пайдалану, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар Шиелі ауданының ауыл шаруашылығын жаңа даму кезеңіне шығарып отыр.
Бүгінде Шиелі дәстүрлі ауыл шаруашылығын сақтай отырып, заманауи технологияларды батыл енгізіп келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Алдағы уақытта да қолға алынған жобалардың толық жүзеге асуы, инвестициялық белсенділіктің артуы және аграрлық саладағы инновациялық шешімдердің кеңінен енгізілуі ауданды еліміздің бәсекеге қабілетті аграрлық аймақтарының біріне айналдыра түсетіні сөзсіз.
Гүлхан ЯХИЯ