Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ

ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ

Қадірлі Шиелі ауданының тұрғындары, ардақты ағайын!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала әр шаңыраққа амандық, береке, мол ризық нәсіп етіп, шалған құрбандықтарыңыз бен жасаған ізгі амалдарыңызды қабыл етсін!
Құрбан айт – мұсылман жұртының ынтымағын арттырып, бауырмалдық пен жанашырлықты күшейтетін ұлық мереке. Бұл күндері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жетім-жесірді қуантудың сауабы мол.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» деп бұйырған.
(«Кәусар» сүресі, 2-аят)
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ:
«Құрбан айт күні адам баласының істеген амалдарының ішінде Аллаға ең сүйіктісі – құрбандық шалу» деген. (Тирмизи риуаяты)
Қазақ халқы да:
«Мал шалғанның жаны таза,
Қайырымдының ары таза» деп, құрбандықтың рухани мәніне ерекше мән берген.
Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малы шалынады. Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынса, сиыр мен түйені жеті адам бірігіп шалуға болады. Құрбандық малы сау, семіз, кемшіліксіз болуы қажет.
Құрбандық етін үшке бөліп таратқан абзал:
бір бөлігі – өз отбасына,
бір бөлігі – туыс-бауырға,
бір бөлігі – мұқтаж жандарға беріледі.
Бұл – қоғамдағы мейірім мен ауызбіршілікті арттыратын игі амал.
Құрбан айттан бір күн бұрын Арапа күні. Арапа күні ұсталған ораза – мұсылман үшін үлкен сауапты амалдардың бірі. Пайғамбарымыз ﷺ: «Арапа күні ұсталған ораза өткен бір жылдың және келер бір жылдың күнәларына кәффарат болады деп үміт етемін» деген. (Мүслім риуаяты)
Сондықтан 26 мамыр — Арапа күні ораза ұстап, дұға-тілекті көбейту — мұстахаб амал. Бұл күн — кешірім мен сауапқа толы ерекше мүмкіндік.
Арапа күні таң намазынан бастап 30 мамыр асыр намазына дейін тәшриқ тәкбірлерін айту – уәжіп амал. Әр парыз намазынан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уә лилләһил хамд» деп айту әр мұсылманға маңызды.
Құрбан шалу уақыты айт намазынан кейін басталып, Құрбан айттың үшінші күні ақшам намазына дейін жалғасады.
Құрбан шалу – жағдайы жеткен, зекет бере алатын мұсылманға уәжіп амал. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малы шалынады.
Орталық мешіт тарапынан құрбан шалу қызметтері ұйымдастырылады:
* Мал әкелу
* Сою
* Дұға жасап бағыштау
* Етті тарату қызметтері
Көпшілік сұранысына байланысты осы хабарламаны жолдап отырмыз.
Орталық мешіт мұқтаж отбасыларға ет тарату қызметін өз мойнына алады. Арнайы мұқтаж жандар тізімі бойынша әділ үлестіріледі.
Ірі қара (сиыр) және түйе құрбандығына 7 адам бірігіп қатыса алады. Қатысушылар тізімі жазылып жатыр.
Байланыс: Рахат имам
8 777 855 95 05

Қадірлі ағайын!
Осы қасиетті мерекеде бір-бірімізге мейірім танытып, ізгі амалдарымызды көбейтейік. Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен береке нәсіп етсін!

Ізгі тілекпен,
Рахат Қожанов,
Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы
26 мамыр 2026 ж. 25 0