Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адам бақшасын қазып жатып, өз әйелінің бұрынғы күйеуінің сүйегін тауып алған

Ер адам бақшасын қазып жатып, өз әйелінің бұрынғы күйеуінің сүйегін тауып алған

Ресейдің Омбы облысының тұрғыны өзінің бақшасынан азаматтық некедегі әйелінің бұрынғы күйеуінің сүйегін тауып алып, 20 жыл бұрын болған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды ТК өңірлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.23 мамырда ер адам Лузино аулындағы үйінде бақшасындағы жерді қазып жатқан. Осы кезде қазылған жерден адамның сүйегін тауып алыпты. Оның азаматтық некедегі 60 жастағы әйелі қылмысқа қатысы бар болып шыққан.
Әйел 1997 жылы 52 жастағы бұрынғы күйеуімен ұрысып қалып, басынан балтамен бірнеше рет ұрып жібергенін айтты. Мұнан кейін оның денесін бөлшектеп, бақшадағы жерге көміп тастаған. Ал көршілеріне күйеуінің ақша табуға кеткенін айтыпты. Мұнан кейін ер адамды ешкім іздемеген.
Тергеушілер «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Stan.kz
07 маусым 2018 ж. 1 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930