Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кене шағу қауіпті

Кене шағу қауіпті


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – кене арқылы таралатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру ауыр өтіп, қан кету белгілерімен сипатталады.
Қалай жұғады?
• Зақымдалған кене шаққанда
• Ауру малдың қанымен немесе тінімен байланыста болғанда
• Науқас адамның қаны және биологиялық сұйықтықтары арқылы (медицина қызметкерлері үшін қауіп бар)
Негізгі белгілері:
• Дене қызуының күрт көтерілуі
• Бас, бұлшықет, бел ауруы
• Әлсіздік
• Жүрек айну, құсу
• Теріде және ішкі ағзаларда қан кету белгілері (көгеру, мұрыннан қан кету)
Белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Алдын алу шаралары:

✔ Табиғатқа шыққанда жабық киім кию
✔ Кене жабысқан жағдайда өздігінен жұлып алмау, медицина қызметкеріне қаралу
✔ Мал күтімінде қорғаныш құралдарын пайдалану
✔ Аула мен қора-қопсыны кенеге қарсы өңдеу
КҚГҚ – алдын алу шараларын қатаң сақтауды талап ететін қауіпті инфекция. Уақтылы медициналық көмек – өмірді сақтайды.

Болатова Гүлстан,
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары
21 сәуір 2026 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930