Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады

Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады

Каспий теңізі арқылы электр желісі тартыладыҚазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жаңа «жасыл» энергетикалық дәліз құруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. Құжатқа сәйкес, үш ел жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен электр қуатын экспорттау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Оның негізгі жобаларының бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын электр кабелі. Ол Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың энергожүйелерін байланыстырады. Болашақта электр қуаты Қаратеңіз энергетикалық дәлізі арқылы Еуропа нарығына жеткізіледі. Келісім сонымен қатар ішкі энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға, желілерді жаңартуға, жаңа энергетикалық нысандар салуға және елдер арасындағы энергетикалық байланыс нығайтуға бағытталған. Әрбір нақты жоба бөлек қаралып, қосымша келісімдер арқылы жүзеге асырылады, автоматты қаржылық міндеттемелер туындамайды. Жобаның басты мақсаты – Орталық Азияның күн және жел энергиясы ресурстарын тиімді пайдалану, «жасыл» энергияны ішкі және халықаралық нарыққа жеткізу, сондай-ақ Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа энергетикалық маршрут қалыптастыру.
12 наурыз 2026 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031