Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияландыПетропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz


Өрт 2-ші Первомайская көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде болған. Жалын тұтанған сәтте ғимараттың подъезі қалың түтінге толып, тұрғындарды шұғыл түрде сыртқа шығару қажет болды. Кейбір тұрғындар өрт сөндірушілердің арнайы баспалдақтары арқылы қауіпсіз жерге түсірілді.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел жетіп, түтін басқан подъезден арнайы құтқару қалпақтарын пайдаланып, баспалдақ арқылы 27 адамды сыртқа алып шыққан. Олардың ішінде 15 бала бар.
Сонымен қатар құтқарушылар үйден тағы 76 тұрғынды эвакуациялады. Олардың 23-і – балалар. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт толықтай сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. 
08 наурыз 2026 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930