Шиелі ауданында қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал

Бүгінгі таңда Шиелі ауданында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2026 жылдың 2 айында қызылшаның 127 жағдайы тіркелді, оның ішінде 96 %-ы 14 жасқа дейінгі балалар ( 122 жағдай ), 1 жасқа дейінгі ауырған бала саны- 64 , яғни 50,3 пайызы қызылшамен жоспарлы егу жасына жетпегендер,1 жастағы ауырған бала саны - 25 ( 18,1%) , 2 - 4жас – 20 жағдай, 5- 9 жас - 9 жағдай , 10-14 жас – 6 жағдай , 20-29 жас - 4 жағдай, 30 жас – 1 жағдай есепке алынған.
Кәсібіне қарай : ұйымдаспаған топ баласы - 105( 82,7 %) , бала бақша балалары -8, оқушылар – 9, жұмыссыздар -4 , студенттер- 1;
Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі 0-5 жас аралығындағы балалар, олардың үлесі 85,0 % құрады. Қызылша ауруына күдүкті науқастардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 69,0% қызылшаға қарсы әр түрлі себептерге байланысты егілмеген. Егілмегендердің ішінде 50,4% ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес егу жасына жетпей (1 жасқа дейінгі балалар) екпемен қамтылмаса, 49,6% жедел сырқаттануына байланысты медициналық шегіністе болып егумен қамтылмағандар.
Есепке алынған 88 жағдайдың 60 пайызы кент орталығынан анықталса, қалған 40 пайызы елді мекен тұрғындары арасынан тіркеліп отыр.
Қызылша – өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам науқастармен байланысқа түссе, ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. Инфекция ауа жолы арқылы беріледі . Қызылшаның қоздырғышы – вирус. Сыртқы ортада тұрақсыз : ол бөлме температурасында 5-6сағат ішінде өледі. Инфецияның жалғыз көзі науқас адам. Вирустың таралуы түшкіру,жөтелу , сілекей тамшыларымен сөйлесу арқылы жүреді.
Инкубациялық кезең орта есеппен 9 күнді құрайды. Қызылша әсіресе ересек тұрғындарда ауыр.
Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады.
Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады. Яғни дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Кейініректе конъюктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы), сонымен қатар беттің шырышты қабығында (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Қызылшаның ең көп тараған асқыну түрі ортаңғы құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхтық пневмония, мойын лимфо түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Бұл уақтылы диагноз қойып, ем тағайындау және ұйымдастырылған ұжымда тіркелген жағдайда алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін маңызды.
Қызылшаның алдын алу. Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді 12 айда , ревакцинацияны 6 жаста алады. Қызылшадан егу – вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы кезінде жасалса да, қызылшаның дамуына жол бермейді. Егу тұрақты қорғанысты тудырады. Қызылшаға қарсы қосымша егулер науқаспен қатынаста болған қызылшаға қарсы егулері жоқтарға, эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 30 жасқа дейінгі адамдарға салынады.
Мына жайтты ескерген жөн, жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Г.Айтекеева,
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы






