Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда мемлекеттік мекемелер 25 бос жұмыс орнын ұсынды

Аралда мемлекеттік мекемелер 25 бос жұмыс орнын ұсынды

Сырбойылықтар мемлекеттік органдарға негізінен жер және тұрғын үй кезегіне тұру, салық, көші-қон салалары бойынша жүгінеді. Бұл Арал ауданында өткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде байқалды. Шараға қатысқан жүзден астам аралдыққа 98 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Теңізді жағалай қоныстанған тұрғындарға қарапайым балабақшаға кезек қою мен мекенжай анықтамасын алу үшін аудан орталығына сабылмай, электронды түрде жүзеге асыру жолдары түсіндірілді. Ақпараттық-әдістемелік мәліметке қаныққан тұрғындарға мемлекеттік мекемелер 25 бос жұмыс орнын ұсынды. Рүстем Өтешов, Арал ауданы әкімінің орынбасары: - Жалпы бұл шара облыстық деңгейде Шиелі ауданында бастау алған болатын. Қазір Арал ауданында жалғасын тауып жатыр. Бұл шара мақсаты – аудандағы шалғай жатқан елді мекендер, кент, округтердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметті бір жерден алуға жәрдем беру.

24.kz
06 маусым 2018 ж. 1 033 0