Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге шақыру жүйесі: елін қорғау – ерге серт

Әскерге шақыру жүйесі: елін қорғау – ерге серт

Отан алдындағы міндетті борышты өтеу мәселесі бүгінде қоғамда өзектілігін жойған жоқ. Ел қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған талаптар мен енгізіліп жатқан жаңашылдықтар жайында кеңірек мағлұмат алу мақсатында біз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, жұмылдыру бөлімшесінің басшысы майор Бағдат Сағатұлымен байланысқа шықтық.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бұл міндет азаматтарды есепке қоюды, қызметке даярлауды, мерзімді шақыруды, қызмет өткеруді, қорда болуды, жиындарға қатысуды, сондай-ақ жұмылдыру және ерекше кезеңдердегі міндеттерді орындауды қамтиды.
Заңнамада «әскерге шақырылушы» және «міндетті азамат» ұғымдары нақты айқындалған. Әскерге шақырылушылар – 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімді өтеуге жататын азаматтар. Ал міндетті азаматтар – есепте тұрған және белгіленген жасқа дейін қосалқы құрамда болатын жандар.
Қазіргі таңда есепке алу саласында ­цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның нәтижесінде шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдерінің басым бөлігі электрондық форматта жүзеге асырылып отыр. Азаматтар қажетті ақпаратты eGov порталы арқылы жеке кабинеті арқылы ала алады, ал SMS-хабарламалар ресми хабарлау тәсілі ретінде қолданылуда.
Осы орайда майор Бағдат Сағатұлы бұл бағыттағы жұмыстардың ашық әрі заң талаптарына сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Ел алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың жауапкершілігі. Бүгінде цифрлық тетіктердің енгізілуі есепке алу мен шақыру үдерістерін барынша қолжетімді етті. Әр адам өз құқығы мен міндетін білуі тиіс. Басты мақсатымыз – заңдылықты сақтау және жастардың әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету, – деді ол.
Сонымен қатар мерзімді борышын өтеп жүрген азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Олардың қатарында кредиттік міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, білім беру гранттарын ұсыну, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту бар.
Қазақстан Республикасында мерзімді борышты өтеуге шақыру жылына екі рет – көктемгі және күзгі кезеңдерде жүзеге асырылады. Шақыру науқаны заңда белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық тексеруден өткізу және комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.
Бұл үдерісте азаматтардың құқықтарының сақталуына айрықша мән беріледі. Қандай да бір заң бұзушылықтар орын алған жағдайда, азаматтар уәкілетті органдарға жүгіну құқығына ие. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, борышын өтеуден негізсіз жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Заңнамада шақыруды кейінге қалдыру оқуына, денсаулық жағдайына, отбасылық ахуалына және өзге де заңды негіздерге байланысты көзделген. Барлық шешім комиссия арқылы және тиісті құжат негізінде қабылданады.
Бейбіт уақытта қызметке жарамсыз деп танылған, заңды негіздер бойынша 27 жасқа дейін шақырылмаған, ғылыми дәрежесі бар, сондай-ақ заңда белгіленген өзге де азаматтар борыш өтеуден босатылады.
Арнайы даярлық беретін оқу орындарында азаматтар қысқа мерзімді даярлықтан өтіп, есептік мамандық алу мүмкіндігіне ие. Бұл жастардың дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап енгізілген резервтегі қызмет түрі азаматтарға негізгі жұмысынан қол үзбей даярлықтан өтуге мүмкіндік береді. Бұл бастама ел қорғанысын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

М.Кеңесұлы
16 ақпан 2026 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728