Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 2026 жылғы 15 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі тасжол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:

Жамбыл облысы

  • «РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент –Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 143-214 шақырымы (Алматы облысының шекарасы – Қордай ауылы);
  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 893-955 шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Алматы облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 955-1014 шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Ақсай ауылы);
  • «РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 59-143 шақырымы (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысының шекарасы);
  • «Қонаев – Күрті» автожолының 0-67 шақырымы (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);
  • «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 25-243 шақырымы (Арман ақылы бекеті – Тасқарасу бұрылысы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-118 шақырымы (Алматы ақылы бекеті – Шеңгелді ауылы).

Қызылорда облысы

  • «РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1434 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – №555 солтүстік нысан).

Ақтөбе облысы

  • «РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240 шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы).

Жабық жолдар

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:

Жетісу облысы

  • «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолының 84-164 шақырымы (Көктұма кенті – Достық станциясы).

Ақтөбе облысы

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 181-337 шақырымы (Шұбарқұдық кенті – Атырау облысының шекарасы).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында («Қалқаман» жолайрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу).

Шығыс Қазақстан облысы

  • Осинов асуында (46-66 шақырым, Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне байланысты тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.
15 ақпан 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728