6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 6 ақпандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.6 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда қозғалыс ашық:
Ұлытау облысы
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қ. – Жаңаарқа);
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 24-137 км (Сәтбаев қ. – Ұлытау ауылы).
Қарағанды облысы
- «Астана – Қарағанды (айналып өту жолымен) – Алматы» автожолы, 164-198 км (Теміртау БӨП – Қарағанды қ.).
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу бекеті)» автожолы, 85-280 км (Чкалов ауылы – Бидайық кенті).
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Павлодар облысы
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 0-231 км (Қарағанды обл. шекарасы – Қалқаман кенті);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Урлютөбе)» автожолы, 191-390 км (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);
- «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді)» автожолы, 0-263 км (Атамекен кенті – РФ шекарасы);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ)» автожолы, 254-415 км (Атамекен кенті – Шідерті кенті);
- «Қызылорда – Жезқазған– Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206 км (Қарағанды обл. шекарасы – Шідерті кенті);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола обл. шекарасы – Шідерті кенті).
Ақмола облысы
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра– Теміртау» автожолы, 16-51 км (Қосшы қ. – Қарағанды обл. шекарасы);
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 18-232 км (Астана қ. – Щучинск қ.);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қ. – Павлодар обл. шекарасы);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ)» автожолы, 16-347 км (Астана қ. – Жақсы кенті);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км (Жібек жолы БӨП – Қарағанды обл. шекарасы);
- «Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберісімен)» автожолы, 19-124 км (Астана қ. – Қорғалжын кенті).
Қарағанды облысы
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолы, 51-101 км (Ақмола обл. шекарасы – Нұра кенті);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км (Ақмола обл. шекарасы – Теміртау БӨП);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 248-592 км (Атамекен ауылы – Балқаш қ.);
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас» автожолы, 17-217 км (Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.);
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1135 км (Қарағанды қ. – Павлодар обл. шекарасы);
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 км (Ұлытау обл. шекарасы – Топар ауылы).
Ақтөбе облысы
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965 км (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ кенті);
- Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысының шекарасы 965-1240 км;
Қызылорда облысы
- аталған автожолдың 1240-1806 км (Ақтөбе обл. шекарасы – Қызылорда қ.);
- Қызылорда қаласы – Бесарық ауылы 1806-2047 км.
Ұлытау облысы
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 750-788 км (Жаңаарқа кенті – Қарағанды обл. шекарасы).
Жетісу облысы
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен– Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 561-615 км (Үшарал қ. – Абай обл. шекарасы).
Абай облысы
- Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қаласы 615-768 км;
- «Таскескен – Бақты (ҚХР шекарасы)» автожолы, 0-75 км (Таскескен – Үржар);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 592-750 км (Балқаш қ. – Жамбыл обл. шекарасы);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 910-1002 км (Қалбатау – Көкпекті).
Шығыс Қазақстан облысы
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062 км (Абай обл. шекарасы – Рубеж бекеті).
Сонымен қатар, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың арқалық құрылымдары зақымдалуына байланысты «Қалқаман» жолайрығы (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) уақытша жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Осинов асуында 46-66 км аралығында (Солтүстік ауылы – Серебрянск қ. бұрылысы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ауа райы күрт өзгереді. Көктемге ұқсас жылы күндерден кейін жауын-шашын, көктайғақ және қатты жел күтіледі.






