Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

AMANAT: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


 «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанынан құрылған жұмысшы топ сала мамандарымен бірлесе отырып, Сырдария өзеніндегі Шиелі ауданына қарасты жағалауындағы ахуалдың жай күйімен танысып, су тасқынының алдын-алу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында өзен арнасының жағдайы, мұз кептелу қаупі бар учаскелер және жағалау инфрақұрылымының жай-күйі қарастырылды. Нәтижесінде тиісті қызметкерлерге жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда жедел әрекет ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Адам өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі басымдық ретінде айқындалып, алдын алу шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді. Су тасқынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болып, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынды. Қауіпсіздік — басты назарда!

#AMANAT
#KPK
#мониторинг
10 ақпан 2026 ж. 74 0