Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Депортацияланған ұлт өкілдері

Депортацияланған ұлт өкілдері

Мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 1 курс студенті, Қазақстан тарихы пәні оқытушысы Ахметова Лаура Қуандыққызының бағдарламадағы ПСӨЖ жұмысына сәйкес қосымша тапсырма берген болатын. Зерттеу кезеңінде менің туысым,Тукманбетов Абдуваит Иманбекұлының өмір жолы маған қызық болған. Сол себепті депортацияланған Абдуваит Тукманбетовтың өмірін насихаттау барысында зерттеу жұмысын жүргізген болатынмын.
Қазақстан тарихында көші-қон саясаты ерекше маңызға ие қоғамдық-саяси құбылыс болып табылады. Әсіресе ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жүзеге асқан мәжбүрлі көші-қон үдерістері қазақ жерінің этникалық құрамына елеулі өзгерістер әкелді. Сол кезеңде Кеңес өкіметінің шешімімен көптеген ұлт өкілдері өз тарихи отандарынан күштеп көшіріліп, Қазақстан аумағына қоныстандырылды. Бұл құбылыс тарихта депортация деген атаумен белгілі.
Депортацияланған халықтардың қазақ жеріне келуі елдегі демографиялық жағдайға, шаруашылық дамуына және мәдениетаралық қатынастарға ықпал етті. Қиын тағдыр кешкен ұлт өкілдерін қазақ халқы жатсынбай қабылдап, оларға тұрмысқа бейімделуге қолдау көрсетті. Осылайша,ашаршылық кезеңінде Абдуваит Тукманбетов әкесі Иманбек атамыз Өзбекстан мемлекетінде қалады.
03 ақпан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728