Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 72 бейнебақылау: қауіпсіздікті күшейтеді

72 бейнебақылау: қауіпсіздікті күшейтеді

Облыстық бюджет есебінен орталық көшелерге жалпы саны 72 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтайтын және жылдамдықты өлшейтін 7 радар-камера да іске қосылды.
Аудандық бюджеттен 38,0 млн теңге қаржы бөлініп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды фото-бейне жазуға және қозғалыс ағындарын бақылауға арналған мобильді бағдарламалық-аппараттық кешен (Ekin Patrol G2) сатып алынды. Бұл кешен аудандық полиция бөлімінің автокөлігінде орнатылып, жолдағы тәртіпті арттыруға және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл заманауи техника жол қауіпсіздігін арттыруға, тәртіп бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жол апаттарының алдын алуға бағытталған. Қазір бұл ақпараттар аудандық полиция бөліміндегі «Жол қозғалысы оқиғаларын бақылау орталығы» арқылы бақыланып, жолдағы тәртіп пен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінуде. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Шиелі кентіндегі жолдар қауіпсіз әрі жайлы болады деп күтілуде.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031