22 отбасы баспаналы болды
Соңғы жылдары тұрғын үймен қамту – жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан игі істердің бірі. Әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, көпбалалы және ерекше қажеттілігі бар отбасы мүшелері бар жандардың баспана мәселесін шешу – аудан әкімдігінің басты назарындағы жұмыс.Жуырда «Шұғыла» мөлтек ауданында жаңадан салынған қос пәтерлі үйлердің кілті 22 отбасыға табысталды. Бұл – үй кезегін жылдар бойы күтіп жүрген шиеліліктер үшін зор қуаныш. Көптен күткен арманы орындалған отбасылар игі іске ұйытқы болған билік өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын жаудырды.
Жаңа пәтер иелері негізінен әлеуметтік осал топқа жататын – көпбалалы, жалғызбасты, ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған, толық емес отбасылар.
Баспана – бақыт бастауы. Мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесіндей болған бұл пәтерлер тұрғындарға зор үміт, жарқын болашақ сыйлады.
Гүлхан ЯХИЯ





