Руханият ордасына айналған кешен
Шиелі ауданы үшін 2025 жылдың басы үлкен қуанышпен басталды. Көптен күткен, ел еңсесін көтеретін, мәдени-рухани маңызы зор нысан – «Руханият орталығы» есігін айқара ашты. Бұл – тарих пен болашақты байланыстыратын, жас буынға тәрбие мен тағылым беретін, аға буынға құрмет көрсететін киелі орын.Орталықтың ерекшелігі – онда аудандық кітапхана, тарихи-өлкетану музейі, архив бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аналар мен ардагерлер үйі, тіпті неке қию залына дейін бір шаңырақтың астында шоғырланған. Бұл – мемлекет пен ұлттың рухани тірегін бір жерге тоғыстырып, ұрпақтар сабақтастығына жол ашатын бастама.
Архив бөлімі бұған дейін ескі жылыжайды паналап келген еді. Ал аудандық кітапхана – жаңа ғимаратта орналасқанына қарамастан, қолайсыз болатын. Облыс әкімінің бастамасымен осы мәселелерді шешуге бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлініп, заманауи талапқа сай, кең әрі ыңғайлы кешен бой көтерді.
Гүлхан ЯХИЯ








