БІЛІМ ШАМЫ СӨНБЕГЕН МЕКЕН
Адам баласы уақытпен жарысып өмір сүреді. Бірақ уақыт ешқашан адамды күтпейді. Ол тек біздің не қалдырғанымызды, қандай із салғанымызды өлшейді. Сол өлшемнің ең әділ әрі ұзақ сақталатыны – білім. Себебі білім – жеке адамның емес, бір ұлттың тағдырын анықтайтын құндылық.Мектеп – осы аманатты келесі ұрпаққа тапсыратын киелі кеңістік. Ол – тақта мен партаның ғана жиынтығы емес, ол – сана мен сенімнің, жауапкершілік пен үміттің түйіскен тұсы. Шиелі ауданында соңғы жылдары білім саласында атқарылып жатқан істерді тек инфрақұрылымдық жетістік деп қарау тым үстірт түсінік. Бұл – тереңде жатқан философиялық таңдау. Анығында «біз қандай ұлт боламыз?» деген сұраққа берілген үнсіз, бірақ нық жауап.
МЕКТЕП – ЕЛДІКТІҢ АЙНАСЫ
Қоғам өзгерді. Ақпарат көбейді. Уақыт жылдамдады. Бірақ бір нәрсе өзгермейді. Баланың тағдыры бәрібір мектептен басталады. Сондықтан аудандағы 40 жалпы білім беретін мектеп тыңғылықты жұмыс істеп тұр. Оның екеуі – жекеменшік. Ең бастысы ауданда үш ауысымды, апатты жағдайдағы бірде-бір білім ордасы жоқ. Әрине, кездейсоқ жетістік емес, бұл жылдар бойы жүргізілген жүйелі саясаттың, мемлекет қамқорлығының жемісі. Баланың қауіпсіз, жарық, жылы мектепте оқуына жағдай жасау, мемлекеттің ең үлкен міндеті.

Жаңа оқу жылында аудан мектептерінде 18 174 оқушы білім алуда. Солардың арасындағы 1570 бүлдіршін алғаш рет мектеп қоңырауының үніне құлақ түрді. Бірінші рет қолына қалам ұстаған осы балалар ертең ел тағдырын таразылайтын азаматқа айналмақ. Сондықтан оған жай ғана статистика емес, Қазақстанның ертеңіне қаланған берік негіз деп қарау керек.
ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ҰСТЫНЫ
Осы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген 2600-ге жуық педагог – ауданның басты рухани капиталы. Олардың еңбегі көбіне көзге көрінбейді, бірақ әсері ұрпақтың санасында, қоғамның дамуы мен елдің болашағында айқын көрінеді. Олар күн сайын тақта алдында тұрып, тек пән үйретіп қана қоймайды, тұлға қалыптастырып, арманды оятады, сенім ұялатады. Білім саласындағы барлық жетістіктің түп төркіні – осы мұғалімдердің маңдай терінде.

Ұстаз – уақыт тәрбиешісі, өмір жолының алғашқы бағдаршамы. Ол оқушының бойына тек білім емес, жауапкершілік сезімін, ізденімпаздық рухын, адамгершілік пен парасаттылықты дарытады. Мұғалімге жасалған әрбір жағдай – жай әлеуметтік қолдау емес, ұлттың интеллектуалдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келешек ұрпаққа берілетін құнды инвестиция. Өйткені әр шәкірттің бойында күннен-күнге өтіп жатқан ойлар мен қалыптасып жатқан мінез – елдің ертеңіне салынған іргетас. Ұстаздың еңбегі – уақытқа қарсы тұрған үнсіз, бірақ мәңгілік жаңғырық, ол ұрпақты білім мен сана арқылы өмірге әзірлейтін күш.
НАҚТЫ НӘТИЖЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұлт қалыптастыруға бағытталған бастамалары мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жүйелі қолдауы Шиелі ауданында нақты істерге ұласты. Соңғы жылдары мұнда тек мектептер ғана емес, баланың жан-жақты дамуына арналған заманауи білім және тәрбие ошақтары бой көтерді. Құны 1 млрд 68 млн теңгені құрайтын 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық өнер мектебінің ашылуы соның айқын дәлелі. Бұл – балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, талантын ұштайтын, рухани әлемін байытатын орталықтар. Өнер мен білім тоғысқан жерде тұлға қалыптасады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №219 орта мектептің күрделі жөндеуден өтуі – білім беру сапасына жасалған маңызды қадам. Облыстық бюджеттен бөлінген 384 млн 961 мың теңгенің нәтижесінде мектеп толықтай жаңарып, заман талабына сай келетін білім ордасына айналды. Бұл – шәкірт үшін жайлы орта, ұстаз үшін шығармашылық еркіндік. Өткен жылы Жансейіт елді мекенінде 100 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілсе, №252 орта мектеп-гимназиясында 375 орындық қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл нысандар ауыл мен қала арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтып, әр баланың тең мүмкіндік алуына жол ашты.
Білім саласына бағытталған қажырлы еңбек пен қомақты қаржы ешқашан зая кетпейді. Оның нақты нәтижесі – шәкірт жетістігімен өлшенеді. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың жемісі түлектердің жетістігінен анық байқалады. 2024-2025 оқу жылында аудан бойынша ҰБТ-ға қатысқан түлектердің орташа балы 84,3-ті құрады. Бұл сан – сәттілікке сүйенген уақытша нәтиже емес, жылдар бойы жүргізілген жоспарлы жұмыстың, ұстаз табандылығы мен оқушы талпынысының заңды жемісі.
Білім саласындағы тағы бір ауыз толтырып айтар жетістік – №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің облыстық тамыз кеңесінде «Орта білім беретін үздік ұйым» деп танылып, 34 млн теңгелік грантқа ие болуы. Бұл – аудан мектептерінің бәсекеге қабілетті екенін, сапалы білім беріп отырғанын дәлелдейтін үлкен мәртебе.
БОЛАШАҚ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ
Білім – бір ұрпақтың емес, тұтас ұлттың тағдыры. Сондықтан мектеп салу – үй тұрғызу емес, елдің ертеңін тұрғызу. Шиелі ауданында атқарылып жатқан жұмыстар – осы ұлы жауапкершіліктің терең сезінілгенінің дәлелі.

Бүгін мектеп партасында отырған бала ертең ел тізгінін ұстайды. Оның қандай азамат болары – бүгінгі білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Шиеліде жағылған білім шамы – бір ауданның ғана емес, бүтін бір елдің болашағын жарық қылатын нұрлы жол.
Сұлушаш МАДИЯРОВА